Шымкенттің сыртқы саудасы
23.02.2022
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшысының Шымкент қаласының сыртқы саудасын талдауы Қаланың сыртқы сауда айналымы: $1,9 млрд (2021 жылы) – бұл 2020 жылға қарағанда 24% - ға жоғары ($1,5 млрд). Экспорт: $573,7 млн (тауар айналымындағы 30%) — 2020 жылға қарағанда 17,4% - ға жоғары ($488,5 млн). Тауарлар экспорты бойынша Ақмола облысынан кейін Қызылорда, СҚО және Жамбыл облыстарын басып озып, 14-ші орында тұр. Экспорт құрылымы: 21% — шикізат, 62% — жартылай дайын өнімдер, 17% - дайын тауарлар. Экспорттық тауарлар: мұнай өнімдері (16,5%), ұн (9,1%), мақта талшығы (9%), күнбағыс майы (8,6%), қоспаланған болаттан жасалған жартылай дайын өнімдер (6,3%) және бидай (6,2%). Өңірден цемент, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер, алюминий бұйымдары, сабын, маргарин экспортталады. Экспорты $100 мыңнан асатын өнімдер саны-165. Шымкент тауарлары қайда жіберіледі: Өзбекстан (50,1%), Ресей (7,9%), Түркия (7,9%), Қырғызстан (6,5%) және Тәжікстан (5,6%). Шымкент экспорты $100 мыңнан асатын елдер саны-32.
Импорт: $1,3 млрд (тауар айналымындағы 70%) - 2020 жылға қарағанда 27,7% - ға жоғары ($1,04 млрд). Тауарлар импорты бойынша ҚР өңірлері арасында 8-ші орында (Атырау, Ақтөбе және Павлодар облыстарынан төмен). Импорт құрылымы: 4,6% — шикізат, 44,1% — жартылай дайын өнімдер, 51,4% - дайын тауарлар. Импортталатын тауарлар: ұшу аппараттары (9,4%), фармацевтикалық препараттар (5,4%), мұнай өңдеу өнімдері (5,3%), негізгі химиялық заттар, тыңайтқыштар (4,2%), резеңке бұйымдар (3,7%) және автомобильдер (3,3%). Импорты $100 мыңнан асатын тауарлар саны-930. Импорт қайдан келеді: Ресей (38,2%), Қытай (12,5%), АҚШ (11,6%), Өзбекстан (6,7%) және Түркия (5,1%). Қала 100 мың доллардан астам тауар сатып алатын серіктес елдердің саны-63.
Қызықты факт: 2021 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент дайын тауарлар экспортын (кері экспортты қоспағанда) 86% - ға арттырды. Шымкент күнбағыс майының сыртқы жеткізілімін 2,6 есеге ($32,3 млн дейін), шымкенттік дәрі — дәрмек экспорты 12,5 есеге ($25,6 млн дейін), маргарин экспорты 49 есеге ($4,8 млн дейін), трансформаторлар экспорты 3,5 есеге ($2,6 млн дейін), минералды су жеткізу 2,2 есеге ($2,7 млн дейін) өсірді. Қала Tradereport. kz әзірлеген ҚР өңірлерінің экспорттық белсенділігі рейтингінде 1-ші орынға ие болды.
Қарау саны: 4366 |
|
|