Атом энергетикасы көміртегі бейтараптығына

24.02.2022

Атом энергетикасы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу тәсілі ретінде

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге дайын екенін білдірді, бұл дәстүрлі энергия көздерін (көмір, мұнай) пайдаланудан неғұрлым экологиялық (газ, ЖЭК, атом және т.б.) энергияға көшу арқылы парниктік газдар шығарындыларын едәуір қысқартуды талап етеді.

Климаттық күн тәртібі тұрғысында атом энергетикасын пайдаланудың бірқатар артықшылықтары бар, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшылары.

 

Атом энергетикасынан парниктік газдар шығарындылары қызмет ету мерзімі ішінде көмір шығарындыларынан 68 есе, газдан – 41 есе, күн қондырғыларынан – 4 есе, су станциялардан – 2 есе төмен. Атом энергетикасынан шығарындылар жел электр станцияларынан шығарындылармен салыстырылады (Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы).

 

Қызықты факт: Өшіргіш өлшеміндегі 1 уран таблеткасында 545 литр мұнай, 480 м3 газ немесе шамамен 400 кг көмір бар (АҚШ Энергетика министрлігі).

 

Атом энергетикасы "жасыл" энергетиканың басқа түрлерімен салыстырғанда ең төмен материал сыйымдылығына ие. Мысалы, АЭС-те 1 МВт электр энергиясын өндіруге арналған металл сыйымдылығы жел генерациясына қарағанда 13 есе аз (Еуропалық комиссияның бірлескен зерттеу орталығы).

 

Әлемдегі барлық жұмыс істеп тұрған АЭС парниктік газдар шығарындыларын ықтимал "қысқартады", олардың көлемін бүкіл әлемдік орман қорының оларды сіңіру деңгейімен салыстыруға болады. Егер әлемде атом энергетикасынан толық бас тарту болады деп елестетсек, онда 2040 жылға қарай атмосфераға көмірқышқыл газының қосымша шығарындылары 4 млрд тоннаны құрауы мүмкін (Халықаралық энергетикалық агенттік).

 

Атом генерациясы алып жатқан аудандарды бірдей қуатты газ электр станциялары алып жатқан аудандармен салыстыруға болады, бірақ жел немесе күн электр станциялары үшін талап етілетін аудандарға қарағанда едәуір аз. Мысалы, қуаты 1 ГВт жел паркін орнату үшін 950 га жер, ал қуаты ұқсас АЭС үшін – 28 га жер қажет (Еуропалық комиссияның бірлескен зерттеу орталығы).

 

Шын мәнінде, атом энергетикасын қоршаған ортаға әсер ету деңгейі бойынша электр энергиясының басқа "жасыл" түрлерімен салыстыруға болады. Бұл ретте ықтимал қауіпті әсерлер мен олардың салдарларын азайтуды қолданыстағы технологиялармен қамтамасыз етуге болады.

 

Халықаралық тәжірибе елдердің атом энергетикасын белсенді пайдаланатынын көрсетеді. 

 

АЭС-те электр энергиясын өндіру үлесі 12 елде 30% – дан асады (Франция – 70%, Украина – 53,9%, Словакия – 53,9%, Венгрия – 49,2%, Бельгия – 47,6%, Болгария – 37,5%, Финляндия – 34,7%, Оңтүстік Корея-26,2%). 2050 жылға қарай әлемдегі АЭС-тен электр энергиясын өндірудің 1,8 есе өсуі болжануда (Халықаралық атом энергетикасы агенттігі).

 

Польша (көмірмен электр энергиясын өндірудің 70%) АЭС-ті көміртегі бейтараптығына көшу құралдарының бірі ретінде пайдалану ниетін мәлімдеді.

 

Еуропалық комиссия атом энергетикасын "жасыл" таксономияға қосу туралы алдын ала шешім қабылдап, АЭС салу бойынша инвестициялық жобаларды климаттық бейтараптыққа қатты көшуге ықпал ету ретінде қабылдады.

 

"АЭС құрылысы – бұл елдің ұзақ мерзімді экологиялық қауіпсіздігіне, жұмыс орындарын құра отырып, ғылымды қажетсінетін сабақтас салаларды (медицина, тамақ өнеркәсібі, материалтану және басқа да көптеген) дамытуға қосқан үлес екенін түсіну қажет. Бұл ретте Қазақстанда АЭС үшін отын өндіретін және жасайтын уран өнеркәсібі бар, үш зерттеу реакторында (Курчатов пен Алматыда) жұмыс істейтін білікті персонал және Ақтау қаласында АЭС пайдаланудың табысты тәжірибесі (БН-350) бар", — деп қорытындылады ERI сарапшылары.

 

 

 



Қарау саны: 4484
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!