ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының үшінші отырысы
Бүгін, 1 наурызда Қытай тарапының, ҚХР Коммерция министрлігі жанындағы Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының төрағалығымен бейнеконференция форматында өткен ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының кезекті отырысы өтті.
ҚХР Коммерция министрлігі жанындағы Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясы директорының орынбасары Чу Вэйси сәлемдесу сөзімен сөйлеп, ШЫҰ елдері кооперациясының маңыздылығын атап өтті.
Консорциум отырысы аясында қатысушылар "COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы дамытудың жаһандық және өңірлік макроүрдістерін талдау" бірлескен зерттеу туралы баяндама шеңберін, семинарға арналған тақырыптарды және 2022 жылға арналған жалпы жұмыс жоспарын талқылады.
Қазақстан тарапының өкілі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығының директоры Долорес Тюлебекова өңірдегі сауда-экономикалық жағдайға санкциялық шаралардың әсерін талдау қажеттігі туралы айтты.
Сондай-ақ, мынадай зерттеу тақырыптары айтылды: теңсіздік пен кедейлікке қарсы күрес, жасыл даму және қоршаған орта, азық-түлік қауіпсіздігі, жаһандық жеткізілім тізбегі, энергетикалық қауіпсіздік және энергетикалық трансформация, сандық алшақтық, қаржылық және қарыздық тәуекелдер, инфляция және басқалар.
Іс-шараға Өңірлік сауда орталығының (Үндістан), Қырғыз Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Экономикалық саясатты зерттеу институтының, ҚХР Коммерция министрлігінің Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық институтының, Пәкістан сауда және даму институтының (PITAD), Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының (БССА), Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының Экономика және демография институтының, Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Экономикалық зерттеулер және реформалар институтының өкілдері қатысты.
ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумы сарапшыларының келесі отырысын 2022 жылғы 20 маусымда өткізу жоспарланып отыр.
_____
ШЫҰ консорциумы ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған консультациялық-сараптама алаңы болып табылады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (Премьер-Министрлері) Кеңесінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № "120" шешімімен ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының регламенті бекітілді.
2021 жылы ШЫҰ Консорциумына Қазақстан Республикасы тарапынан Консорциумның мүшесі болып айқындалған Экономикалық зерттеулер институты төрағалық етті.