Мемлекеттік Бюджет

02.03.2022

Мемлекеттік Бюджет 2021 жыл

Мұнай мен металдар нарығындағы жоғары бағалар, сондай-ақ бір жағынан эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, екінші жағынан экономиканы қалпына келтіруге және әлеуметтік саланы қолдауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюы нәтижесінде бюджет саласының салыстырмалы түрде оң дамуына әкелді.

Шығындардың айтарлықтай өсуіне (7,3%) қарамастан, кірістердің ұлғаюы жоғары болды (9,1%), бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқартты (-9,8%). Осылайша, бюджет дефициті 2,8 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін қысқарды.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері

Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы 9,1% - ға өсіп, 15,8 трлн теңгені құрады. Негізгі үлес салық түсімдерінің өсуіне тиесілі-25,3% (салық түсімдерінің үлесі кірістердің жалпы көлемінің 67,7% - ын құрайды).

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы экономиканың қалпына келуіне оң әсерін тигізді, бұл КТС және ЖТС 38,4% және тиісінше 22% айтарлықтай өсуінен байқалады.

Бюджеттің жоғары кірістеріне байланысты Ұлттық қордан трансферттер түсімдері 2020 жылмен салыстырғанда 7,3% - ға қысқарды және 4,5 трлн теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджет шығыстары

Мемлекеттік қызметшілердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің әлеуметтік шығыстары мен жалақыларын арттыру, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалатын шығындарды ұлғайту бюджеттің жиынтық шығыстарының 7,3% - ға өсіп 17,9 трлн. теңге құрауын қамтамасыз етті.

Шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға (22,4%), білім беруге (20,5%), әлеуметтік көмекке және денсаулық сақтауға (12,6%) тиесілі болды, бұл ретте осы салаларға шығыстар 6,7% - ға,17,2% - ға және тиісінше 15,5% - ға ұлғайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қарыз 16,5 трлн. теңгеден 33,3% - ға 22,0 трлн теңгеге дейін өскенін атап кеткен жөн. Мемлекеттік борыштың 85,2% немесе 18,7 трлн теңге 2021 жылы 45,7% - ға өскен үкіметтік борышқа жатады.

Мемлекеттік борыштың айтарлықтай өсуіне байланысты борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстар 34% - ға 767,6 млрд-тан 1,01 трлн. теңгеге дейін ұлғайғанын байқауға болады



Қарау саны: 4949
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!