Қазақстан мен БҰҰ
02.03.2022
Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығына 30 жыл Бүгін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болғанына 30 жыл толады. Осылайша, 1992 жылғы 2 наурызда 46-шы сессия жұмысы барысында Қазақстан БҰҰ-ның 168-ші толық құқықты мүшесі болды, бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық танылуын айғақтады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, "Қазақстан 30 жыл бойы Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық қауіпсіздік және үйлесімді қоғам құру мәселелерінде жемісті ынтымақтастық жасап келеді. Геосаяси шиеленістің өршуі жағдайында Қазақстан БҰҰ-ны күшейтуді және оның топтастырушы рөлін жақтайды".
ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы өз қызметінде БҰҰ-ның БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, АТМЭӘК, БҰҰ-әйелдер, ЮНЕСКО және т. б. агенттіктерімен тығыз ынтымақтастық жасайды. Осындай ынтымақтастықтың арқасында ТДМ Дамуын қаржыландыруды бағалау (ДҚБ); қазақстандық Балалардың хал-ахуал индексін әзірлеу; Жергілікті атқарушы органдардың құжаттарын гендерлік талдау (Ақмола облысының мысалында); Жылдам кешенді бағалау (ЖКБ) және басқа да көптеген жобалар сияқты маңызды бағыттар бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді.
Сондай-ақ БҰҰ агенттіктері Қазақстанның табысты тәжірибесін басқа көрші елдерге трансляциялауға ықпал ететіндігін атап өту маңызды, олар өз кезегінде оны шабыттандырады және қабылдайды. Табысты жобалардың жүзеге асуына және өркендеуіне тілектеспіз!
Қарау саны: 4321 |
|
|