ҚР қалаларының

04.03.2022

Нұр-Сұлтан мен Ақтау 2021 жылғы өмір сапасы рейтингінде бизнес үшін ең тартымды қалалардың тізіміне кірді

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшылары әзірлеген Қазақстан қалаларындағы өмір сүру сапасының рейтингінде бизнес-ортаның дамуы бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша 8,9 балмен Нұр-Сұлтан қаласы 1-орынды иеленді.

"Елорда екінші жыл қатарынан жетекші орынға ие.  Нұр-Сұлтан қаласы жетістігінің кепілі іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейі, халықтың сатып алу қабілетінің артуы және ШОК субъектілерінің өндіріс көлемінің артуы болды", — деп атап өтті ERI сарапшысы Нұрболат Құрметұлы.

 

Егер цифрлармен айтар болсақ, 2020 жылы 100 мың адамға есептегенде ШОК белсенді субъектілерінің саны бойынша астана республикамызда Ақтаудан кейін (12,5 мың бірлік) көш бастап тұрды. Бұл ретте Нұр-Сұлтан белсенді ШОК субъектілері санының ең жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш орта есеппен 114,2%-ды құрады. Қаланың ШОК саласында 400 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. 


2 орынды 8,8 балл жинап, көшбасшыдан сәл артта қалған Ақтау қаласы иеленді. Қала жұмыс істеп тұрған субъектілер саны, жұмыспен қамтылғандар саны және ШОК саласындағы өндіріс көлемі бойынша жоғары мәндерді көрсетті. Мәселен, қалада 100 мың адамға есептегенде белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 15,3 мың бірлікті құрады. Бұл ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.

 

Бұдан басқа, Ақтау ШОК саласында басқа қалалармен салыстырғанда ең көп жұмыс орындары құрылуда. ШОК-та жұмыспен қамтылған халықтың саны Ақтау бойынша 100 мың адамға шаққанда 40,8 мың адамды құрады.

 

ШОК өнімдерінің көлемі бойынша қала еліміздің 25 қаласы арасында ең жақсы нәтиже көрсетіп, 1-ші орынға ие болды. Мәселен, 2020 жылы қаланың 100 мың тұрғынына шаққанда ШОК субъектілері 610 млрд теңгенің өнімін өндірді. 

 

Бизнес — ортаны дамыту бойынша көшбасшы қалалардың үштігіне Атырау қаласы да кірді (6,9 балл). 2020 жылмен салыстырғанда қала рейтингте бірден 4 позицияны қосты. Атырауда ШОК белсенді субъектілері санының оң өсу қарқыны сақталып отыр. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 3 жылда 106,5% - ды құрады. Сондай-ақ, қала ШОК өнімдерін шығару бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірін көрсетуде (100 мың адамға 565 млрд теңге).

 

Өткен жылғы рейтинг көшбасшыларының бірі Алматы қаласы 2 позицияға түсіп, рейтингтің 4-ші орнына ие болды. Қала жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны мен ШОК-та жұмыс істейтіндер саны бойынша үздік нәтижелер көрсетті. ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны бойынша қала 100 мың тұрғынға шаққанда 32,6 мың адам көрсеткішімен Ақтау мен Нұр-сұлтан қаласынан кейін екінші орында тұр. Ал белсенді ШОК субъектілерінің саны бойынша 100 мың адамға шаққанда Алматы 10,1 мың субъекті көрсеткішімен Ақтау мен астанадан кейін 3-орынды алады.    

 

Бизнес жүргізу үшін Топ-5 үздік қалаға батыс өңірдің тағы бір қаласы – Ақтөбе кіреді (6,0 балл). Қала жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің орташа жылдық өсу қарқыны бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті (2-орын). Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 113,6% - ды құрады (бұдан жоғары тек астанада).

 

Рейтингтің 6 және 7 орындары  5,7 және тиісінше 5,5 балл жинаған Қостанай және Көкшетау қалаларына тиесілі.

 

Өскемен айтарлықтай оң динамиканы көрсетті, ол 15-ші орыннан 8-ші орынға көтерілді.

 

2020 жылмен салыстырғанда 4 орынды қосқан Қарағанды қаласы рейтингтің 9-шы орнын иеленді.

 

Орал бизнес-ортасының дамуы бойынша 10 үздік қаланың соңында орналасқан (4,3 балл).

 

11--ден бастап 17-ші орындарға дейін Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Семей және Тараз қалалары орналасты.

 

2021 жылы қалалардағы өмір сүру сапасы рейтингіне енгізілген 7 моноқалалар рейтингтің төменгі позицияларына ие болады деп күтілуде. Жезқазған, Екібастұз, Балқаш, Риддер, Степногорск, Сәтпаев және Жаңаөзен рейтингте 18-ден 24-ке дейін орын алады.

 

Рейтингтегі соңғы 25 орынды Түркістан иеленді . Жаңадан құрылған облыс орталығының мұндай төмен позициясы іскерлік белсенділіктің төмендігімен, ШОК жаңа субъектілерінің пайда болу қарқынының нашарлығымен және іскерлік инфрақұрылымның дамымауымен байланысты.   



Қарау саны: 4205
Сақталған: 05.03.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!