Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға
10.03.2022
Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын таныстырды. «Халықтың табысын арттыру – Үкіметтің барлық экономикалық саясатының жалпы мақсаты. Бағдарлама орта және ұзақ мерзімді кезеңге халық табысының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті министр. Тікелей шаралар бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған. Жанама шаралар халықты жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау (қайта даярлау), өзін — өзі жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібі және кәсіпкерлік кәсіпорындарының өнімділігін арттыру кезінде жәрдемдесу есебінен кірістердің өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, яғни еңбек және кәсіпкерлік кірістерді арттыруға бағытталған. Табысты арттыру бағдарламасында мынадай басымдықтар анықталған: 1) Жұмысшы жастар ел дамуының негізі ретінде. Бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты және мынадай негізгі бағыттар бойынша бөлінген 80 шараны қамтиды: халықтың еңбек кірістерін арттыру, ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту және сатып алу қабілетін қорғау арқылы халықтың табысын арттыру. «Еңбек кірістерін арттыру бағыты шеңберінде 22 шара іске асырылады. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және ғылым саласы жұмыскерлерінің орташа жалақысын арттыру жоспарланады. Ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың кірісін арттыру бағыты бойынша 41 шара іске асырылады. Іс-шаралар «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған жастар практикасы» жастарды жұмыспен қамту жобаларын, сондай-ақ жеке осал тұлғаларды жұмысқа орналастыру тетігін іске асыруды қамтиды», — деп хабарлады ҰЭМ басшысы. «ШОК дамуын ынталандыру Өңірлік кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы шеңберінде кредиттер/микрокредиттер бойынша жергілікті бюджеттерден субсидиялар ұсыну, моно және шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде жеңілдетілген микрокредиттеуді және жаңа кепілдендіру құралын енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады», — деді Әлібек Қуантыров. Кірістердің сатып алу қабілетінің қорғалуына ерекше назар аударылатын болады. Осы бағытта азық-түлік тауарларының өндірісін ұлғайту, ішкі нарықтың импортын негізгі азық-түлік емес тауарлармен алмастыру бойынша шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету және халықтың проблемалық қарыздарымен жұмыс жасау бойынша банктердің жеке жоспарларын қабылдау жоспарланып отыр. «Аталған шаралардың тиімді іске асырылуы 2025 жылға қарай бес негізгі нысаналы индикаторға жоспарлы қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: ЖІӨ-де еңбек ақы үлесі – 34,5%; жалпы кірісте еңбек қызметінен кірістер үлесі – 76,2%; табысы күнкөрістің ең төмен көрсеткішінен аз халықтың үлесі - 5,2%; жұмыссыздық деңгейі – 4,7%; жиынтықта барлық кезең үшін жұмыс орындарын құру – 2 млн-нан астам адам үшін», — деп қорытындылады министр.
Қарау саны: 4729 |
|
|