Тағайындаулар:
15.03.2022
Қуаныш Бейсенғазин ERI Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) басқарушы директоры қызметін атқарған Қуаныш Бейсенғазин ERI командасына 2012 жылы қосылды.
Ол Макроэкономикалық және қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеулер орталығының аға сарапшысы болып жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры қызметін атқарды.
Сарапшы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы, Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге және мынадай басқа да зерттеулерге белсене қатысты: — Мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, жұмыс істеу және дамыту саласындағы баға белгілеудің өзгерістерін талдау және олардың Қазақстан экономикасына әсері — Қазақстан Республикасындағы салық реформасының тиімділігін талдау — Қазақстан Республикасында ана өлімін азайтудың әлеуметтік-экономикалық жолдары-ҚР Әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеу — Ұзақ мерзімді кезеңде дамудың әлеуметтік-экономикалық моделін жетілдірудің перспективалы бағыттары — Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама — Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатын жетілдіру — Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын дамыту перспективалары — Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің іргелі факторлары мен детерминанттарын зерттеу және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі тұрақты дамуының макроэкономикалық болжамын әзірлеу — Қазақстан Республикасында кешенді салық реформасын іске асыру және салық жүйесін реформалау әсерін бағалау — ҚР дамуын болжаудың жедел қысқа-орта мерзімді макроэкономикалық моделін әзірлеу — 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу және т. б. Қ. Бейсенғазин М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген (2005-2009 жж.). 2011 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ магистратурасын "Ұлттық экономика" мамандығы бойынша аяқтады. 2014-2015 жылдары М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында "Экономика" кафедрасында аға оқытушы ретінде оқытушылық қызметпен айналысты. 2018-2020 жылдары Боккони университетінде (Милан, Италия) Болашақ бағдарламасы бойынша "Мемлекеттік және халықаралық ұйымдардағы экономика және менеджмент" бағыты бойынша магистратурада оқыды. Сарапшы орыс, қазақ, ағылшын және итальян тілдерін еркін меңгерген. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.
Қарау саны: 4182 |
|
|