Сарапшы пікірі: Азамат Саменов

16.03.2022

Жергілікті басқару жүйесі мәселесіне

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

"Бүгінгі Жолдау ерекше мәнге ие. Бұл бір жылмен шектелмейді, ол ауқымды және мазмұнды болып табылады. Біз алдымызға жоғары мақсаттар қоямыз. Сіздермен бірге біз жаңа Қазақстанды құруға кірістік", — деді Президент.


"Президенттің облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қызметіне баламалы негізде кемінде екі кандидатура енгізу және мәслихаттардағы қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау туралы ұсынысы елдің саяси жүйесінде бірқатар өзгерістерге әкеледі", — деп санайды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Азамат Саменов.

Біріншіден, бәсекелестік элементі енгізілуде. Сонымен қатар, Президент ұсынылған екі кандидатурадан облыс немесе республикалық маңызы бар қала әкімін таңдау кезінде жүзеге асырылатын жанама сайлау туралы әңгіме болуы мүмкін екенін айтты. Бұған дейін әкім лауазымы қандай да бір балама болмаған жағдайда, өңірлік элита өкілдерінің үнсіз келісімімен орталықтан тағайындалатын.

Екіншіден, мәслихаттардың жергілікті жерлердегі саяси рөлі мен олардың халық алдындағы жауапкершілігі арта түседі.

Үшіншіден, Мемлекет басшысының аудандық және ауылдық әкімдерді қызметінен кетіруі мүмкін нормаларды жою, сондай-ақ жергілікті билік органдарының рөлін және бірінші басшылардың тікелей жергілікті тұрғындар алдындағы жауапкершілігін арттырады, сондай-ақ суперпрезиденттік биліктің өкілеттіктерін "бәсеңдетеді".



Қарау саны: 4232
Сақталған: 17.03.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!