Сарапшы пікірі: Азамат Саменов
16.03.2022
Президенттің жаңа реформалары: Қазақстанда 17 облыс болады Бүгін Мемлекет басшысы супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті кету туралы мәлімдеді. Президент "Қуатты өңірлер – қуатты ел" қағидаты әрдайым өзекті екенін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысының Абай, Ұлытау және Жетісу үш облысын қайта құру туралы ұсыныстары өңірлердегі саяси және экономикалық жауапкершілікті күшейту жөніндегі ағымдағы жоспарларға сәйкес келеді.
"Облыстық мәртебе жаңа облыстардың әкімшілік орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялар ағынына және аумақтық-әкімшілік бөліністің ұтымды есебінен жергілікті проблемаларды неғұрлым тиімді шешуге қолайлы әсер етеді", - дейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жетекші сарапшысы Азамат Саменов. Қазіргі уақытта Қарағанды, ШҚО және Алматы облыстарында 4,8 млн адам тұрады (50% Алматы облысында). Бұл ретте Қарағанды облысы-аумағы бойынша елдегі ең үлкен облыс. Облыстардың жаңа бөлінуі олардағы проблемаларды жаңаша шешуге мүмкіндік береді: Біріншіден, Ұлытау және Қарағанды облыстары шеңберінде еліміздің индустриялық өңіріндегі ағымдағы негізгі қорларды жаңарту. Мысалы, Жезқазған қаласы Ұлытау облысының облыс орталығы мәртебесінде сөзсіз серпін алатын моноқала болып табылады. Екіншіден, Қапшағай қаласын Алматы облысының жаңа облыс орталығы ретінде дамыту (оны Қонаев деп атауы мүмкін) еліміздің мегаполисі — Алматыдан демографиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді (қалалар арасындағы қашықтық 79 км, ал Талдықорғанға дейінгі қашықтық 267 км). Бұл ретте Талдықорған қаласы Жетісу облысының әкімшілік орталығы болады, ал жергілікті билік органдары жергілікті проблемаларды шешуге шоғырлана алады. Үшіншіден, жаңадан құрылған Абай облысына Семей қаласының облыс орталығы мәртебесін беру тарихи әділеттілікке және өңірдегі ағымдағы жағдайға сәйкес келетін болады. Мәселен, Семей халқының саны (327 мың) іс жүзінде ШҚО облыс орталығы Өскемен қаласынан кем түспейді (333 мың адам). Абай облысында 661 мыңға жуық адам, Шығыс Қазақстан облысында 700 мыңнан астам адам тұрады. Төртіншіден, жаңа аумақтық бөлініс өңірлерді, оның ішінде шалғай ауылдық аумақтарда елде енгізілетін Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде инфрақұрылымдық қамтамасыз ету проблемаларына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқыңыз: Өңірлік стандарттар жүйесі мемлекеттік саясаттың әлеуметтік маңызды шарасы ретінде
Қарау саны: 4350 |
|
|