Сарапшы пікірі: Нұрболат Құрметұлы
17.03.2022
Семей Абай облысының орталығына айналадыПрезидент өзінің Қазақстан халқына Жолдауы барысында елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын оңтайландыру жөнінде бірқатар бастамалар көтерді.«Бірінші кезекте Абай облысын құруды ұсынамын, оның орталығы Семей қаласы болады. Өңір тұрғындары бұл мәселені көптен бері көтеріп келе жатқанын білемін. Бүгінде онда шешілмеген проблемалар көп, мысалы, ескірген инфрақұрылым. Бұрынғы кезде Алаш қозғалысының орталығы болған Семей қаласының жай-күйі де қуантарлық емес. Біз тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, халқымызға көптеген дарынды ұлдарын сыйлаған осы қасиетті өлкені жандандыруымыз керек», — деді Мемлекет басшысы.
Бағалау деректері бойынша (облыс бұрынғы шекараларында қалпына келген жағдайда) жаңа Абай облысының құрамына 8 аудан (оның ішінде Аягөз және Шар 2 кіші қаласы) және 2 облыстық маңызы бар қала (Семей және Курчатов) кіреді. Облыс халқы 600-ден 700 мыңға дейін адамды құрайды.
«Президенттің Абай облысын құру жөніндегі шешімін уақытылы және негізді деп санаймын. Белгіленіп отырған реформалар өңірде соңғы жылдары жинақталған проблемаларды шешуге және өңірдің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік-аумақтық кедергілерді жоюға ықпал етуге арналған. Олардың қатарында көптеген елді мекендердің аудан орталықтарынан және облыс орталығынан едәуір шалғайлығы бар. Мысалы, кейбір ауылдар бойынша облыс орталығына дейінгі қашықтық 700 км — ге жетеді», — деп атап өтті «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) орталығы директорының орынбасары Нұрболат Құрметұлы.
Инженерлік-көлік инфрақұрылымына, ауыз суға, әлеуметтік қызметтер мен игіліктерге қолжетімділікте қалыптасқан теңгерімсіздіктер маңызды проблема болып қалуда, бұл өңірдің экономикалық және әлеуметтік-демографиялық әлеуетін айтарлықтай төмендетеді. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 108 мыңнан астам ауыл тұрғыны орталықтандырылған су көздерінен ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Мемлекет басшысы атап өткендей, Семей қаласының жағдайы да көңіл көншітпейді. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ әзірлеген қалалардағы өмір сүру сапасының мерзімді ұлттық рейтингісінің деректері бойынша 2021 жылы Семей қаласы 25 қаланың ішінен 23-орынды иеленді. Бұл жаңа облыс орталығында қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуге тиіс екенін білдіреді.
Жалпы, Семей қаласында орталығы бар жаңа облыстың құрылуы Шығыс Қазақстан аумағының, ең алдымен облыстың әкімшілік орталығының дамуына оң әсерін тигізеді, деп қорытындылады ERI сарапшысы. [1] Облыстар мен Алматы қаласы бойынша жалпы статистикалық шолу / Қазақстанның өңірлік статистикалық жылнамасы / ҚР Мемстаткомы, 1996 ж.
Қарау саны: 4248 |
|
|