Сарапшы пікірі: Әлібек Райпов
17.03.2022
Жедел штабтың дағдарысқа қарсы шаралары туралы
Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен құрылған Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың бір мезгілде нақты уақыт режимінде ақпаратқа талдау жүргізетін, сондай-ақ нақты шұғыл шаралар әзірлейтін Ахуалдық орталық ретінде жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.«Бұл өте маңызды, өйткені әлемдегі саяси және экономикалық жағдай күн сайын, сағат сайын өзгеріп отырады, бұл біздің елдегі жағдайға да әсер етеді», — деп санайды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жетекші сарапшысы Әлібек Райпов.
Оның айтуынша, Жедел штабтың дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралары шағын және орта бизнесті қолдауға және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тоқтап қалуына жол бермеуге, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соның ішінде дәрі-дәрмекке, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге бағытталуы тиіс.
Мысалы, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2021 жылы $101,5 млрд — тан астам болды, осы сомадан экспортқа $60,3 млрд, импортқа — $41,1 млрд тиесілі, 2021 жылы Қазақстан тауарлардың басым бөлігін Еуропа елдеріне экспорттады. Бір жыл ішінде аталған өңірге $25,2 млрд (экспорттың жалпы көлемінің 41,8%) өнім жеткізілді.
Қазақстан өнімді негізінен ТМД елдерінен (2019 жылғы импорттың жалпы көлемінің$20,4 млрд немесе 49,6%) және Азия елдерінен (импорттың жалпы көлемінің 30%) импорттайды.
«Осыған байланысты Қазақстанға да, одан да тауарларды кедергісіз тасымалдау мәселелерін қамтамасыз ету Жедел штабтың дағдарысқа қарсы маңызды және басым шараларының бірі болуы тиіс», — деп санайды ERI сарапшысы.
Қарау саны: 4293 |
|
|