ТДМ: 1-мақсат

18.03.2022

Тұрақты даму мақсаттары: 1-мақсат. Кедейшілікті оның барлық нысандарында жаппай жою        

Кедейшілік әлемдегі ғасырлар бойы шешілмей жүрген аса күрделі мәселелердің бірі. Қазіргі таңда әлем халқының шамамен 10%-ның табысы күніне 1,90 доллардан, ал 40% халықтың табысы күніне 5,50 доллардан аспайды, бұл дегеніміз әлемнің 3,3 миллиард адамы кедейшілік жағдайда өмір сүруде. Бұған қоса, пандемия салдарынан кедейшілік деңгейі соңғы жиырма жылда күрт артты, мәселен 2021 жылы кедейлер саны қосымша 120 миллион адамға өсті.

Әлемде кедейшілікпен күресуде үлкен жетістікке жеткен мемлекеттің бірі – Қытай Халық Республикасы. Қытайда 1990 жылдары ұйымдастырылған реформалар нәтижесінде 770 миллион адам кедейшіліктен құтылды, яғни Қытай БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібіндегі кедейшілікті азайту мақсатын мерзімінен 10 жыл бұрын қол жеткізді.

Дүниежүзілік банктің есебі бойынша Қазақстанда кедейшілік деңгейі 14%-ға дейін өсуі мүмкін, яғни кедейлер саны 1,5 миллион адамға артуы мүмкін. Кедейшіліктің өсуінің негізгі себебі — Қазақстан халқының 70% астамы тек еңбек табысына тәуелді. Сондықтан уақытша жұмыстан да айырылу, халық арасындағы кедейшіліктің өсуіне алып келуі мүмкін. Мысалы, 2020 жылдың сәуір және мамыр айларында COVID-19 таралуын шектеу үшін енгізілген бірінші «локдаун» кезінде үй шаруашылықтарының кірістері 15-25%-ға төмендеді. Алайда, Үкімет тарапынан аз қамтылған отбасыларға (әсіресе көп балалы отбасыларға) әлеуметтік көмек көрсету өлшемшарттарын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін өсірді. Нәтижесінде, тек 2020 жылы 4 миллионнан астам қазақстандық жалпы сомасы 476 миллиард теңгеге атаулы әлеуметтік көмекпен және 1,1 миллион азамат азық-түлік пакеттерімен қамтылды, бұл ел үшін бұрын-соңды болмаған қаржылық көмек ауқымы.



Сонымен қоса, кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында 1—18 жас аралығындағы аз қамтылған отбасы балалары: оқу орнында тегін тамақтанады, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүреді және азық-түлік пакеттерімен, гигиеналық құралдармен, мектеп формасымен, өзге де керек-жарақтармен тегін қамтамасыз етіледі.

Қазақстандағы кедейшілікпен күресу мен халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі қағидаты: қажетті материалдық көмек көрсету, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту және олармен әлеуметтік келісімшарт жасасу.


Қарау саны: 4858
Сақталған: 18.03.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!