TДМ: 2-мақсат

01.04.2022

Тұрақты даму мақсаттары: 2-мақсат. Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға жәрдемдесу


Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл барлық адамдардың белсенді және салауатты өмір сүруі үшін жеткілікті, қауіпсіз азық-түлікке физикалық және экономикалық қолжетімділігі бар жағдай. Әрбір азаматқа қауіпсіз азық-түлікке және аштықтан азат болуға қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету — бұл әрбір мемлекеттің міндеті Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Рим Декларациясында (1996 ж.) жазылған.

Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің негізі және аграрлық секторды дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Өйткені елдің өз азығы болмаса, ұлттық қауіпсіздіктің барлық басқа құрамдас бөліктері өз маңызын жоғалтады.


Алайда, азық-түлік қауіпсіздігі мен аштық әлі шешілмей жүрген аса маңызды мәселелердің бірі. Мәселен, БҰҰ мәліметі бойынша, 2020 жылы әлемде аштыққа шалдыққан адамдар саны 811 миллион адамға дейін жетті
, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 161 миллион адамға көп. Бұл мәселенің негізгі себебінің бірі - COVID-19 пандемиясы жаһандық экономикаға зиянын тигізіп, қолданыстағы азық-түлік жүйелерінің тиімсіздігіне алып келді. Сонымен қоса, әлемдегі парниктік газдар шығарындыларының 30%-ы және планетадағы биоәртүрлілігінің 80% жоғалтуы - азық-түлік жүйесіне тиесілі.

Азық-түлік қауіпсіздігінің алғышарттары 2010 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер қабылдаған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) азық-түлік қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасында» көрсетілген. Осы тұжырымдамаға сәйкес, елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін өмірлік маңызы бар азық-түлік өнімдерін меншікті өндіру деңгейі кемінде 80% болуы тиіс.

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінгеніне қарамастан, елімізде фермерлердің кейбір мәселелері әлі де шешімін таппады, азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлеріне (құс еті, балық, шұжық, алма, қант, құрғақ сүт) жоғары импорттық тәуелділік сақталуда. Сонымен қоса, климаттың өзгеруі де, яғни жауын-шашын мөлшерінің азаюы ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Сонымен қоса, еліміздің жалпы ішкі өнімінде ауыл шаруашылығының үлесі тек 6%, ал бұл салада жұмыспен қамтылғандардың үлесі 13% құрайды.


Аталған мәселелерді шешу үшін ауыл шаруашылығын тұрақты дамуы жолына қою қажеттілігі туындады және оның даму әлеуеті өте жоғары. Мысалы, ел аумағының 80%-ы (200 млн. га) ауыл шаруашылығы алқаптары ретінде сипатталады. Алайда, бұл аумақтың тек 40% (96 млн. га) ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Сонымен қоса, Қазақстанның кейбір өңірлері «айналмалы экономика» қағидатын енгізуде, әсіресе мал шаруашылығындағы қожалықтар биогаз қондырғыларын пайдалану арқылы айтарлықтай жылу мен электр жүйесінің шығындарын азайтуда.

 




Қарау саны: 4504
Сақталған: 01.04.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!