ҰБО және БҰҰДБ өкілдері

04.04.2022

1 сәуір айында Ұлттық байланыс орталығының (ERI) қазақстандық офисінің өкілдері БҰҰ Даму бағдарламасының халықаралық мамандарымен кездесті.

Кездесуде тараптар БҰҰ Даму бағдарламасының жаңа жобасының мақсаттары мен міндеттерін, Қазақстандағы Ұлттық байланыс орталығының рөлін және оның функцияларын, сондай-ақ бірлескен серіктестік мәселелерін талқылады.

Жапония үкіметі қаржыландыратын Қазақстандағы жеке және ұлттық компаниялардың қызметінде адам құқықтары стандарттарын қамтамасыз ету бойынша БҰҰ Даму бағдарламасының жаңа жобасы жапон компаниялары мен өндірістерінде де, қарсы әріптестер болып табылатын компанияларда да стандарттарды институционализациялауға бағытталған. Жоба шетелдік және жергілікті сарапшылардың қатысуымен оқыту іс-шараларын, сондай-ақ заңнама нормаларын жетілдіруді талқылау бойынша диалог алаңдарын көздейді.

ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі халықаралық стандарттарын ілгерілету мәселелеріндегі Ұлттық байланыс орталығының рөлін ескере отырып, тараптар БҰҰДБ-ның Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығымен ықтимал бірлескен әріптестігі бойынша талқылауды жалғастыруға шешім қабылдады.

Анықтамалық:

БҰҰ Даму бағдарламасы — Біріккен Ұлттар Ұйымының оған мүше мемлекеттерге даму саласында өтеусіз және саясаттан тыс көмек көрсету жөніндегі жаһандық желісі. БҰҰДБ 177 ел мен аумақта жұмыс істейді және өз қызметін үш негізгі салада жүзеге асырады: тұрақты даму, демократиялық басқару және бейбіт құрылыс, климат және табиғи апаттарға төзімділік. Бағдарлама сондай-ақ даму мақсатында көмекті тиімді тартуға және пайдалануға ықпал етеді. Барлық іс-әрекеттерінде БҰҰДБ ерекше назар аударады. 

 

 



Қарау саны: 4098
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!