ТДМ: 4-мақсат
22.04.2022
Тұрақты даму мақсаттары: 4-мақсат. Барлығын қамтитын, әділ, сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін қолдауХалқымызда «Білім-өмір шырағы» деген нақыл сөз бар. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен басталады. Демек, тұрақты дамудың да қазығы-білім. Сондықтан да Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» деп аталады. Аталған мақсаттың аясында жаппай біліммен қамтамасыз ету ғана емес, әділ сапалы білім беруге де ерекше мән беріледі. Өйткені бұл мақсаттың орындалу сапасы тұрақты дамудың басқа мақсаттарына тікелей ықпал етеді. Мысалы, ЮНЕСКО-ның деректеріне сәйкес, егер барлық адам толық орта білім алса, әлемдегі кедейшілік екі есе қысқарады екен. Қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, әлемдегі мектепке бармайтын балалар саны 265 миллионнан асады. Ал, дамушы елдерде балалардың 9% бастауыш біліммен қамтылмаған. Сонымен қатар әлемдегі сауатын ашпаған жастар саны 103 миллионды құрайды, олардың ішіндегі әйелдер үлесі 60% - дан асады.
2019-жылдан басталған пандемия уақытында болған қиындықтар да әлемдегі балалардың білім алуына қиындықтар туғызғаны белгілі. Сондықтан қазір басқа елдер сияқты Қазақстанда да балалардың пандемиялық шектеулер кезінде кездескен қиындықтар орнын толтыруға бағытталған қосымша білім алу жөніндегі жан-жақты шаралар қолдануда. Егер мұндай шаралар қолға алынбаса, әлемде пандемияны бастан кешкен мектеп оқушылары болашақ өмірде шамамен 17 триллион доллардан айырылуы мүмкін деген болжам бар. Білім беру жайындағы мақсатты жүзеге асырған кезде мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайына да ерекше мән берілуі қажет. Дамушы елдердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың 90%-ы мектепке бармайды. Ал Қазақстанда инклюзивті білім туралы Заң қабылданған. Қазір 7-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 107 348 баланың 38,7%-ы инклюзивті біліммен қамтылған. Бүгінгі таңда еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 78,6% инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған. Сурет 1 - Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі, %Халықты білім берумен толық қамтамасыз етуге қол жеткізу жолындағы кедергілерді ескере отырып, «Сапалы білім беру» деген тұрақты мақсат аясында төмендегі міндеттер қарастырылған:
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Айталық, 2022 – жылдың басындағы жағдаймен елдегі 7550 жалпы білім беретін мектептің 7298-і кең жолақты интернетке қосылған. Колледждердің барлығы 30-дан астам ақпараттық платформаға қосылған. 2020-жылдан бастап, педагогтардың жалақысы жыл сайын 25% өсуде, ал педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттерге жоғары стипендия төленеді. Атқарылып келе жатқан шаралар өз нәтижесін беруде. Бүгінгі күні орта біліммен қамту көрсеткіші—98,1%.
10 жыл бойы Қазақстан бастауыш біліммен қамту, ересектердің сауаттылығы, 5 сыныпқа дейін оқығандар үлесі және гендерлік теңдік бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Соның нәтижесінде еліміз ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша әлемнің ең үздік 8 елінің қатарына кіреді.
Қарау саны: 4654 |
|
|