ERI қатысуымен ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитетінің
21.04.2022
Отырысқа ЭЫДҰ-ға мүше елдердің, сондай-ақ БРИКС елдерінің (бес елден: Бразилия, Ресей, Үндістан, ҚХР, ОАР) өкілдері қатысты. Талқылауға барлығы 240-қа жуық мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері қатысты. Отырыс бейнеконференция байланысы форматында өтті және сегіз блоктан тұрды: 20 сәуір 1. Сәлемдесу және Аннотацияланған күн тәртібінің жобасын және қысқаша есептерді талқылау. 2. Министрлер деңгейіндегі Мемлекеттік басқару комитетінің отырысына дайындық-I бөлім. 3. Жаһандық форумға қатысу және министрлер деңгейіндегі Комитет отырысы (тек ЭЫДҰ мүшелері үшін жабық отырыс). 4. ЭЫДҰ-ның мемлекеттік институттарға сенімнің қозғаушы күштері туралы зерттеулерінің негізгі тұжырымдары (тек ЭЫДҰ мүшелері үшін жабық отырыс) 21 сәуір 5. Министрлер деңгейіндегі Мемлекеттік басқару комитетінің отырысына дайындық-II бөлім. 22 сәуір 6. Комитеттің жұмыс бағдарламасы мен бюджетінің басымдықтарын айқындау және ұсыну. 7. Өзге де мәселелер. 8. Комитетке қосылудың негізгі қағидаттарын жаңарту (тек ЭЫДҰ мүшелері үшін жабық отырыс). Үш күндік сессия шеңберінде ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитеті қызметінің жұмыс сәттері, 2022 жылғы 18 қарашадағы Мемлекеттік басқару жөніндегі комитеттің министрлер деңгейіндегі алдағы отырысына дайындық процесі және 2022 жылғы 17 қарашадағы Жаһандық форум (іс-шаралар күн тәртібінің жобасы және жұмыс материалдары), сондай-ақ Комитетке қосылудың негізгі қағидаттарын жаңарту мәселесі талқыланды.
Қарау саны: 4239 |
|
|