Қазақстан экономикасының

29.04.2022

2022 жылғы 1-тоқсанда ҚР-да негізгі үрдістер бойынша нақты секторда өсудің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, көрсетілетін қызметтер секторында тұрақты динамика байқалады.

Нақты сектордағы өсім — 5,9%.


Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,8%-ға дейін көтерілді.

Салалар арасында көлік және қоймалау (9,3%-ға өсу), құрылыс (8,6%-ға), сауда (8%-ға), сумен жабдықтау (7,7%-ға), ақпарат және байланыс (6,4%-ға), ауыл шаруашылығы (1,8%-ға) неғұрлым белсенді өсуді көрсетуде.

Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті.

Салалар бөлінісінде өндіріс тау – кен өндіру өнеркәсібінде қызметтер ұсынуда 17,1% – ға, газ өндіруде – 8,2% - ға, шикі мұнай өндіруде-7,6% - ға, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде-6,3% - ға, металл кендері мен көмір өндіруде-1,9% - ға ұлғайды.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің өсу серпіні 7,7 п.т. жақсарды. Барлығы 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 0,4% - ға жоғары.

 



Қарау саны: 4329
Сақталған: 29.04.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!