Қазақстан экономикасының
29.04.2022
Нақты сектордағы өсім — 5,9%. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,8%-ға дейін көтерілді. Салалар арасында көлік және қоймалау (9,3%-ға өсу), құрылыс (8,6%-ға), сауда (8%-ға), сумен жабдықтау (7,7%-ға), ақпарат және байланыс (6,4%-ға), ауыл шаруашылығы (1,8%-ға) неғұрлым белсенді өсуді көрсетуде. Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті. Салалар бөлінісінде өндіріс тау – кен өндіру өнеркәсібінде қызметтер ұсынуда 17,1% – ға, газ өндіруде – 8,2% - ға, шикі мұнай өндіруде-7,6% - ға, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде-6,3% - ға, металл кендері мен көмір өндіруде-1,9% - ға ұлғайды. Тұрғын үйді пайдалануға берудің өсу серпіні 7,7 п.т. жақсарды. Барлығы 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 0,4% - ға жоғары.
Қарау саны: 4313 |
|
|