ERI-ге — 61 жыл!

11.05.2022

Экономикалық зерттеулер институты (ERI) — Қазақстан экономикасының кешенді даму проблемаларын зерттейтін жетекші мемлекеттік институт. 1961 жылы құрылған. 

ERI қызметі елдің экономикалық стратегиясының іске асырылу барысын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге, экономиканың жай-күйін талдауға және оның келешекке дамуын болжауға, тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған.

 

Әлемдік экономика серпінді өзгеруде және ел басшылығы экономиканың жаңа болмысына тез бейімделуге тиіс. Осыған байланысты қазіргі экономикалық жағдайға сапалы талдау жасайтын ғылыми экономикалық зерттеулерге өсіп келе жатқан қажеттілік туындайды. 

 

Стратегиялық мемлекеттік шешімдер қабылдау және неғұрлым тиімді экономикалық саясат жүргізу үшін ел үкіметі әлемдік экономиканы және Қазақстанның экономикалық жағдайын ғылыми талдауға негізделуге тиіс.

 

Сондықтан ERI маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен заң жобаларын әзірлеуге, елдегі экономикалық жағдайды бағалауға белсенді қатысады. Елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын мониторингілеу мен тексеруге, сондай-ақ қазіргі заманғы экономикалық-математикалық модельдерді пайдалану базасында экономика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге ерекше назар аударылады.

 

Институттың ғылыми орталарда (республика бойынша да, шетелдерде де), мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік құрылымдарда серіктестерінің кең желісі бар. Жаһандық серіктестік бірлескен зерттеулер, семинарлар және бірлескен қызмет арқылы кеңеюде.

 

ERI Қазақстанның алдында тұрған ішкі және жаһандық проблемаларды шешу үшін отандық және шетелдік тәжірибені жұмылдыру арқылы білім алмасу платформасын құруға бағытталған.

 

Институт қызметінің бағыттары

Болжамдау

 

ERI соңғы 60 жыл ішінде жинақталған кең ауқымды экономикалық болжамымыздың арқасында жоғары бағаланады:

 

•          қысқа мерзімді болжамдар;

 

•          орта мерзімді болжамдар;

 

•          ұзақ мерзімді болжамдар;

 

•          ең жаңа IT – технологияларды пайдалана отырып, елдегі және әлемдегі экономикалық процестерге мониторинг жүргізу және жедел ден қою шаралары бойынша ұсынымдар әзірлеу;

 

•          әлеуметтік-экономикалық болжамдау модельдерін жасау.

 

Стратегиялық әзірлемелер және зерттеулер

 

ERI макроэкономика, қаржы, өнеркәсіп және басқару сияқты кең салаларда зерттеулер жүргізеді.

Біз бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатыстық, олардың ішінде: 

 

•          Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама;

 

•          Қызмет көрсету саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы;

 

•          5 институционалдық реформа шеңберіндегі "Ұлт жоспары";

 

•          Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

 

•          Ұлттық экспорттық стратегия;

 

•          Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі Бірінші Ерікті ұлттық шолу;

 

•          Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі ұлттық баяндама жобасы;

 

•          Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасы.

 

ERI халықаралық компаниялармен (Boston Consulting Group, McKinsey and Company) стратегиялық құжаттарды әзірлеуде бірлескен сараптама жүргізді. Бұл біздің сарапшыларымызға халықаралық мамандардан бірегей тәжірибе алуға мүмкіндік берді. 

 

2019 жылы ERI сарапшылары БҰҰДБ тапсырысы бойынша "ТДМ ұлттық платформасын құрудағы серіктестік" атты зерттеу жүргізді. 

 

Мемлекеттік органдар әзірлейтін заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалауға және ғылыми-экономикалық сараптамаға ерекше көңіл бөлінеді.

 

 

Өңірлерді дамыту

 

ERI өңірлік саясатты жүргізуге белсенді қатысады және елдің аумақтық-кеңістіктік және өңірлік дамуын анықтайтын маңызды стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірлеушісі болып табылады. 

Соңғы уақыттағы жұмыстың маңызды нәтижелерінің бірі мыналарды әзірлеу болып табылады:

 

•          Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы;

 

•           Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

 

•          Қостанай қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы;

 

•          Атырау қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және оны іске асыру жөніндегі Жол картасы;

 

•          Ақмола облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын және Іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

 

•          Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы және басқа да көптеген жобалар.

 

 

Кәсіпкерлік ортаны дамыту

 

ERI кәсіпкерлікті дамыту, ШОБ-ты мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру, бизнес шығындарын азайту, Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингіндегі орнын жақсарту мәселелері бойынша 20-дан астам зерттеу жүргізді.

 

Осы жұмыстың барысында:

•          Қазақстан өңірлерінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтинг, сондай-ақ өңірлер мен қалаларды саралау мен тиісті әдістеме әзірленді және енгізілді;

•          бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері негізінде бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша Жол карталары әзірленді;

•          мемлекеттік органдардың РӘТ жүргізу әдістемесі және тиісті қағидалар әзірленді;

•          рұқсат беру рәсімдеріне (құжаттарына) және хабарламаларға түгендеу жүргізу әдістемесі әзірленді;

•          Қазақстанның "Doing Business" рейтингіндегі позициясын жақсартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің 8 топтамасы әзірленді;

•          Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары әзірленді;

•          Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингі енгізілді.

 


ESG сараптамасы

2022 жылдан бастап ERI — де қоршаған ортаны қорғауға, тұрақты даму үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасауға және тиісті басқаруға негізделген қызмет қағидаттары ESG (Environmental, Social, Governance principles) сараптама орталығы жұмыс істейді.

 

Орталықтың ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты ESG, төмен көміртекті даму, жасыл экономика қағидаттарына сәйкес тұрақты экономикалық даму саласында ғылыми, зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізу болып табылады. 

 

Негізгі бағыт шеңберінде Қазақстандағы ESG, төмен көміртекті даму, жасыл экономика қағидаттарына сәйкес мемлекеттік деңгейде тұрақты экономикалық дамудың күн тәртібін қалыптастыруға қатысу, тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде заңнамалық бастамаларды әзірлеу жүзеге асырылады. 

 

Бұдан басқа, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын (стратегиялар, тұжырымдамалар, даму жоспарлары, ұлттық жобалар) әзірлеу жүргізіледі. 

 

 

Халықаралық қызмет

 

ERI зерттеу қызметінің түрлі бағыттары бойынша белсенді ынтымақтасады және Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Азия даму банкімен, Дүниежүзілік банкпен, Халықаралық валюта қорымен, БҰҰ-мен, БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен, Еуропалық Одақпен, РФ Қаржы министрлігінің Ғылыми-зерттеу қаржы институтымен, РФ Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясымен, Біріккен Вена институтымен (БВИ, JVI) және басқалармен сараптамалық байланыстар орнатады.

 

2014 жылы ERI Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің "Жібек жолы: Азияны өзгермелі әлеммен байланыстыра отырып" атты 47-ші жыл сайынғы отырысының тең ұйымдастырушысы болды.

 

2015 жылдан бастап ERI Пенсильвания Университетінің (АҚШ) "ой-талқы" орталықтары мен Азаматтық қоғам бағдарламасы (Think Tanks and Civil Society Program, TTCSP) өткізетін әлемнің "ой-талқыми" орталықтарының рейтингісіне кіреді. 2021 жылы ERI Орталық Азия өңірінің 58 талдамалық орталығы арасында алтыншы орынға ие болды.

 

ERI Қазақстандағы IMD Халықаралық рейтингінің ресми серіктесі, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық болып табылады. 

 

ERI ЭЫДҰ мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға жауапты ұйым ретінде анықталған. Бұдан басқа, Экономикалық зерттеулер институты Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының функцияларын жүзеге асырады. 

 

 

Баспа

 

2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы "Journal of Economy and Finance" (бұрынғы "ЭФИ: Экономика. Финансы. Исследования") экономикалық журналы шығарылады, онда ғылыми мақалалар мен зерттеулер жарияланады.

 

2021 жылдан бастап шектеулі пайдалану үшін "National Economy" жаңа талдамалық электрондық журнал екі форматта шығарылады: апта сайын "National Economy Monitor", ай сайын "National Economy Report".

 

Олар елдегі және шетелдегі өзекті экономикалық проблемаларға арналған.

 



Қарау саны: 4204
Сақталған: 11.05.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!