Батыс Қазақстан облысының жолдары
18.05.2022
Батыс Қазақстан облысында жергілікті жолдардың 69% ж
Автокөлік жолдарының ахуалы Батыс Қазақстан облысының өзекті мәселелерінің бірі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Батыс Қазақстан облысында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 5 100 шақырымнан астам, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) орталығы директорының орынбасары Нұрболат Құрметұлы. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің мәліметтері бойынша Батыс Қазақстан облысында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 5 100-ге жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде, 65,9% немесе 3 350 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Облыс басшылығының пайымдауынша жолдарды жөндеуден өткізу жобаларының баяу іске асырылуының негізгі себептері ретінде қолданылатын материалдардың көбісінің басқа өңірлерден әкелінетіні, жол салу жұмыстары сапасының төмендігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады екен. Жалпы 2018-2020 жылдары облыста жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 32,2 млрд теңге бөлініп, 405,3 шақырым жол жөндеуден өткен. Алайда, қазіргі қарқын сақталатын болса, облыстың барлық жолдарын жөндеу процессі шамамен әлі 10 жылдан астам уақытқа созылып кетуі мүмкін. Ол өз кезегінде облыс аудандарының, елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, облыстың транзиттік әлеуетін арттыруға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға біршама кедергі келтіретіні сөзсіз. Сонымен қатар, жол жөндеудегі баяулық Қазақстан Республикасының аумақтық даму жоспары, Батыс Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары сияқты маңызды құжаттардағы облыс алдында қойылған мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізілмей қалу қаупін тудырады. «Мәселені қортындылайтын болсақ, өңірде сең қозғалған сияқты. Президенттің тапсырмасынан кейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, бір-екі жылда мәселені түбегейлі өзгертуді тапсырды. Енді облыс басшылығы жол саласындағы жобаларды қатаң бақылауға алып, жергілікті жолдарды жөндеу жұмыстарын күшейтеді деп сенеміз», — деп қорытындылады ERI сарапшыс.
.
Қарау саны: 4486 |
|
|