Ауыл халқының
19.05.2022
Ауыл халқының табысын арттыру«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары Бұл бағдарламаның басты мақсаты ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды ұлғайту мен еңбек табысын арттыру болып табылады.
Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау мен олардың дамуына қатысты жан-жақты талдау жүргізу мен халықтың пікірін, ақыл-кеңестерін ескеру нәтижесінде 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізіле бастады: Бірінші, үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану; Екінші, ауладағы мал және құс шаруашылығын дамыту; Үшінші, ауылдың әрбір тұрғынына тиесілі жер телімін елді мекендерден тыс жерлерде тиімді пайдалану; Төртінші, әрбір ауылдық округте қажетті техникамен, жабдықтармен және айналым құралдарымен жабдықталған кооперативтер құру. Бесінші, ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу. Аталған 5 бағытты жүзеге асыру барысында бірқатар маңызды жетісіктерге қол жеткізілді. Айтар болсақ, бірінші бағыт бойынша 7856 аула қамтылып 978,7 млн теңгеге 11,5 мың тонна өнім өндірілді. Екінші бағытта, 2454 отбасы 2,5%-бен несие алып, 8 млрд теңгеге мал шаруашылығының өнімдері өндірілді. Үшінші бағыт бойынша 21 мың тонна мал азығы жиналды, 230,1 млн теңгеге 10,1 мың га жерді игеру мақсатында (минаралды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, тұқым алу) кооперативтер қаржыландырылды. Төртінші бағыт бойынша, әрбір кооператив ауылдық округтың мамандануына қарай жабдықталып, өз қызметін ұйымдастыру үшін қажетті техникалар сатып алды. Бесінші бағыт бойынша 11 жоба жүзеге асырылды. Жеке кәсіпкерлердің саны 2282-ге артты (966 дан 3248 -ге), 589 жаңа жұмыс орны құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 65%-ға төмендеді. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру мақсатындағы пилоттық жобаға берілген несиелердің кері қайтарылғандардың есебінен жобаны әрі қарай жалғастыру маңызды болып табылады. Бұл мәселенің астары тереңде жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, елімізде 6293 ауылды мекен бар, яғни 7 759 мың адам өмір сүріп жатыр, ауылдағы үй шаруашылығының саны 1 621 мыңға жетеді. Демек, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауыл халқының тұмысын жақсартуға қатысты бағыт-бағдары, қамту ауықымы кең көлемде жүзеге асуы тиіс.
Қарау саны: 4362 |
|
|