ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын талдау жөніндегі консультациялық топ

20.05.2022

19 мамырда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық кеңсесі  ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын талдау бойынша консультациялық топтың алтыншы кеңесіне қатысты.

Кеңес ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарына арналды: I. Тұжырымдамалар мен қағидаттар II. Жалпы саясат және III. Ақпаратты ашу тарауларына.

ЭЫДҰ Хатшылығы консультативтік топта талқылау мақсатында ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін (бұдан әрі — ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары) ықтимал нысаналы жаңартулардың нұсқалары баяндалатын жұмыс құжатын дайындады және ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері мен қауымдастырылған ұйымдарына, яғни ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын ұстанушыларға ғана ұсынылды.

ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының І.  Тұжырымдамалар мен қағидаттар II. Жалпы саясат тараулары ережелеріне ұсынылатын жаңартулардың мақсаттары:

ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын қолдану саласына қатысты белгісіздікті болдырмау, тиісті сақтыққа сілтемелерді нығайту, құн жасау тізбектерінің тиісті сақтылығына әсер ету қатынасы бойынша нақтылау, іскерлік қатынастарға, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға ықпал етудің қосымша тетіктерін жасау.

ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының ІІІ. Ақпаратты ашу тарауының ережелеріне ұсынылатын жаңартулардың мақсаттары:

Тиісті сақтық / бизнесті жауапты жүргізу мәселелері бойынша есептілік, G20/ ЭЫДҰ корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкестігі, ақпаратты ашудың маңыздылығы, кепілдіктері мен сапасы, тұрақты даму мәнмәтінін / бизнесті жауапты жүргізу бойынша есептерді енгізу.

Таныстырылымнан кейін Хатшылық жұмыс кеңесінің барлық қатысушыларымен ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын талдау мәселесі бойынша пікірсайысқа бастамашылық етті, онда делегаттар болжамды жаңартулар туралы өз пікірлерін білдірді және ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары ережелерінің тұжырымдамаларына түсініктемелер берді.

Іс-шара соңында қатысушылар кеңес барысында тиімді талқылаулар үшін алғыстарын білдірді.

 

Анықтамалық: 

ҰБО — ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 

ҚР-да ҰБО Хатшылығының функцияларын "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жүзеге асырады.

 



Қарау саны: 4286
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!