Конституцияға түзетулер бойынша республикалық референдум

30.05.2022

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. 

Алдағы референдумның күн тәртібінде мынадай тұжырымдамамен "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы: 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".

 

Заң жобасы 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясына өлім жазасын алып тастау, еңбек бостандығы, президент, сот органдарының басшылары, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер қызметкерлері үшін қандай да бір партияға мүшелікке тыйым салу туралы, Парламентті қалыптастырудың жаңа тәртібі мен рәсімді өзгерту, мәслихаттарды тікелей халықтық сайлау қағидатын енгізу, Конституциялық Кеңестің консультативтік-кеңесші органы мәртебесі бар органның орнына өкілеттік берілген Конституциялық сот құру және басқа да сияқты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады.

 

"Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша Конституцияда бекітілген, олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды", — делінген қолданыстағы Конституцияға енгізілетін өзгерістер жөніндегі заң жобасында (72.3-бап.).

 

 

"Республикалық референдум туралы" ҚР Конституциялық Заңында республикалық референдум Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының,  заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды  мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс  беру ретінде айқындалған (1.1-бап.).

 

"Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк  жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына,  нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға  қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас  бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға  қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да  болмасын тiкелей не жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша  жазаланады", — делінген заңда (5.1-бап.).

 

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық әрі жариялы жүзеге асырылады.

Барлығы Конституцияға 56 түзету қарауға ұсынылады.

 

Егер сайлаушылардың 50% - дан астамы оң дауыс берсе, референдумға қойылған мәселе қабылданды деп есептеледі.

 

Әр азаматтың пікірі маңызды!



Қарау саны: 4563
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!