2022 жылы ҚР-дың Украинамен саудасы туралы
31.05.2022
2022 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның Украинамен тауар айналымы $252,8 млн құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6% - ға артық. Айта кетейік, қаңтар-ақпан айларында екі ел арасындағы тауар айналымының өсу қарқыны 170% құрады.
Бұрын біз айтып кеткендей, наурыз айынан бастап біздің аккумуляторлар, тыңайтқыштар, мырыш, металл прокаты, күкірт, қарақұмық, күріш Украинаға жеткізілмейді. Тұтастай алғанда, қазақстандық тауарларды жеткізу қаңтар-сәуірде 28,7%-ға $169,7 млн-ға дейін өсті (қаңтар-ақпанда экспорттың өсу қарқыны +60% - ды құрады).
Қарау саны: 4208 |
|
|