ҰБО Хатшылығы бұқара өкілдері үшін

31.05.2022

27 мамырда "Медиацияның жаңа үрдістері: ғылым және практикада қолдану әлеуеті" халықаралық көктемгі ғылыми мектебі шеңберінде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстан ҰБО Хатшылығы ұйымдастырған "Медиацияның қолданбалы кейстері: ЭЫДҰ-ның Қазақстан үшін тәжірибесі" тақырыбындағы панельдік сессия өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби медиаторлар, саясаттанушылар, этномәдени орталықтардың мүшелері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 

Қазақстан ҰБО Хатшылығының Басшысы Азиза Қасенова, сондай-ақ Хатшылық қызметкері Долорес Төлебекова Қазақстан ҰБО қызметі мен жұмысының бағыты туралы айтып берді. Халықаралық практикадан дауларды бейбіт жолмен реттеудің табысты кейстері қосымша талқыланды.

 

ҰБО-трансұлттық компаниялардың бизнесті жауапты жүргізудің қағидаттары мен стандарттарын бұзудың практикалық мәселелерін шешу үшін медиация мен келісу рәсімдерінің тиімді платформасы.


ҮЕҰ, Қауымдастықтар мен кәсіподақтардың түрлі өкілдерімен серіктестік байланыстарды кеңейту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Жол картасы мен ҰБО іс-шаралар жоспары бекітілді, олар адам құқықтары, еңбек, сыбайлас жемқорлық және басқа салалардағы өзекті проблемаларды шешуді қоса алғанда, ҰБО жұмысының 2022-2023 жылдарға арналған бағыттарын айқындайды.

 

Трансұлттық компаниялардың бизнесті жауапты жүргізуіне белсенді азаматтық қоғам, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар және басқа да әлеуметтік институттар үлкен үлес қосып отырғаны атап өтілді.

 

Осыған байланысты Қазақстанда бизнес-қоғамдастықпен бейбіт ынтымақтастық үшін түрлі алаңдарда азаматтық қоғам өкілдерінің қызметін жандандыру туралы мәселе туындайды.

 

Қазақстан ҰБО Хатшылығы сессиясының қорытындысы бойынша ҰБО қызметінің өзектілігі және семинарға қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық атап өтілді.

 

Егер сізде ҰБО жұмысы, ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын бұзылуы бойынша сұрақтар туындаса, 8 (7172) 99 99 12 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Қазақстанның ҰБО қызметімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады ncp.economy.kz

 

Анықтамалық: 

ҰБО — ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 

ҚР ҰБО Хатшылығының функцияларын "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жүзеге асырады. 

 



Қарау саны: 4076
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!