ERI және БҰҰ БЖКБ
08.06.2022
7 маусымда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да (ERI) Басқарушы директор Бауыржан Мұқан, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар және Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Алтынгүл Өтебаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия бойынша Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы (БҰҰ БЖКБ) өкілінің орынбасары Думитру Липканумен кездесті.Бауыржан Мұқан ERI құрылымы мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, ағымдағы жылдың шілде айында Нью-Йоркте өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форумда таныстырылатын Тұрақты даму мақсаттары бойынша Екінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндірді. Бақытгүл Хамбар Қазақстандағы босқындар мәселелері бойынша Екінші Ерікті ұлттық шолу жобасын талқылау аясында БҰҰ БЖКБ-мен жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Думитру Липкануға, өз кезегінде, Қазақстанда босқындар мәселелерін реттеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, "Босқындар туралы" Заң бар екенін атап өтіп, Экономикалық зерттеулер институтына Қазақстандағы босқындар мәселелеріне қызығушылық танытқаны және Екінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау кезіндегі бірлескен күш-жігері үшін алғыс айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Бауыржан Мұқан БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы өкілінің орынбасары айтқан бірқатар бастамалар мен ұсыныстарды қолдады, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ одан әрі ынтымақтастық пен пікір алмасуға дайын екенін атап өтті. Суретте: ERI қызметкерлері, БҰҰ БЖКБ өкілінің Орталық Азия бойынша орынбасары Думитру Липкану, Бағдарламалық мәселелер жөніндегі кеңесші, ҚР-дағы БҰҰ БЖКБ Ұлттық кеңсесінің басшысы Ирина Билялова, ҚР-дағы БҰҰ БЖКБ Ұлттық кеңсесінің құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкерлері Шолпан Олжабаева мен Мейрам Рахымбеков.
Қарау саны: 4253 |
|
|