ERI қатысуымен Ұлттық аккредиттеу орталығының
08.06.2022
7 маусымда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы "Аккредиттеу: Экономикалық өсу мен қоршаған ортаның тұрақтылығы" тақырыбында бейнеконференция форматында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орайластырылды. Талқылауға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің, аккредиттеу субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатысты. Дөңгелек үстел спикерлерінің бірі ретінде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Мұқан сөз сөйлеп, қатысушыларға Қазақстандағы циркулярлық экономиканың дамуы, оның маңызды бағыттары мен қазіргі сын-тегеуріндері туралы әңгімеледі. "Циркулярлық экономика немесе тұйық цикл экономикасы" - бұл ресурстарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жүйе, яғни технологиялық процестерді жетілдіру арқылы пайдаланылатын бастапқы ресурстар мен қалдықтар, шығарындылар мен энергия шығындары азайтылатын жүйе. Циркулярлық экономика қағидаттарын экономиканың барлық салаларында қолдануға болады. Циркулярлық экономикаға көшу өндірісті жаңғырту және инновацияларды енгізу үшін зор мүмкіндіктер жасайды, өнімділіктің жыл сайынғы өсімін 3% – ға, соның салдарынан ЖІӨ – нің 7% - ға өсуін қамтамасыз етеді - деп атап өтті спикер.
1. Ресурстарды тұрақты басқару- елдің өз экономикасын циклдік жағына өзгертудегі тиімділігін көрсетеді. 2. Әлеуметтік мінез-құлық-азаматтардың тұйық цикл экономикасына хабардарлығын, қатысуы мен тартылуын көрсетеді. 3. Іскерлік операциялар- тұйық циклді экономика қағидаттарына сәйкес бизнес-модельдерді өзгерту және бейімдеу жөніндегі экоинновациялық қызметті көрсетеді. Циркулярлық экономика саласындағы жобаларды табысты іске асыру мәселесінде Еуропа мен Азияның дамыған елдері дәстүрлі түрде көш бастап келеді. Осылайша, Германия циркулярлық экономикаға байланысты патенттер саны бойынша әлемде бірінші орын алады (1260 патент); Финляндия — циркулярлық экономикаға көшу үшін ұлттық жол картасын жасаған әлемдегі алғашқы ел; Жапонияда электрлік және электронды өнімдердің көпшілігі қайта өңделеді, алынған материалдардың үлесі шамамен 90% құрайды.
Экономиканың кез — келген саласы үшін ең маңызды мәселе-тұщы су деңгейінің төмендеуі. Бұл проблема Қазақстан үшін өте өзекті, өйткені климаттың өзгеруі 2040 жылға қарай су көлемін 50% - ға қысқартады және ел экономикасын, әсіресе ауыл шаруашылығын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Қазақстанның ауыл шаруашылығы елді орнықты даму жолына көшірудің жоғары әлеуетіне ие. Мәселен, халықаралық ұйымдардың есептеулері бойынша Қазақстанда пайдаланылатын егістіктің 46% (11,5 млн га) және жайылымдардың 70% - ы экологиялық жағдайы бойынша органикалық егіншілік пен мал шаруашылығын жүргізуге жарамды. Қазіргі уақытта органикалық дақылдар 300 мың гектардан астам жерді иеленіп отыр, оның 22 миллион гектары ауыл шаруашылығында өсіріледі. Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес, "тұйықталған цикл экономикасын" дамыту әлеуеті 2025 жылға қарай шамамен $1 трлн, ал 2030 жылға қарай әлемнің 4,5 трлн ЖІӨ қалыптастыруға қабілетті.
"Жасыл Даму" акционерлік қоғамының өкілдері Қазақстан аумағында әрекет ететін климаттың жаһандық өзгеруінің халықаралық келісімдеріне ҚР қатысуына қатысты мәселелерді көтерді. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі, көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторларын анықтау мәселелері қаралды.
Қарау саны: 4338 |
|
|