Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы туралы
08.06.2022
Бүгін Президенттің Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру туралы Жарлығы күшіне енді."Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Президент ҚАУЛЫ ЕТТІ[1]: - Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы; - Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы; - Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылсын. Жүргізіліп жатқан әкімшілік-аумақтық реформалар жаңа облыстардың дамуына қалай әсер етеді?"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Нұрболат Құрметұлы жауап береді.Біріншіден, бұл реформалар жаңа өңірлік саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, оның негізіне әлеуметтік-экономикалық дамудағы теңгерімсіздікті төмендету, байланысты қамтамасыз ету және өңірлердің орнықты кеңістіктік дамуы салынған. Яғни, реформалар елдің аумақтық және кеңістіктік дамуына жаңа тәсілдерді іске асырудың бастауы болып табылады. Ең алдымен, бұл елдің оңтүстігінің өнеркәсіптік әлеуетін ашу. Жетісу облысының құрылуы оңтүстікті индустрияландыруға және урбандалу процестерін жеделдетуге оң әсер етеді. Сонымен қатар Абай және Ұлытау облыстарының құрылуы еліміздің орталық-шығыс өңірінің экономикасын қайта жаңғырту үшін өте маңызды. Егер Ұлытау облысында металлургиядағы одан әрі бөліністерді дамыту және адам ресурстарын дамыту талап етілсе, онда Абай облысында индустрияландыруды жүзеге асыру қажет.Екіншіден, кез келген әкімшілік-аумақтық реформа қалыптасқан аумақтық-экономикалық байланыстардың өзгеруіне және жаңа қатынастардың пайда болуына ықпал етеді, өңір үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жаңа облыстардың өз бюджеттері болады, бұл оларға бірінші кезекте қаржы қаражатын қайда бағыттау керектігін жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондықтан, жаңа салаларда олардың әлеуетін ескере отырып, өз экономикаларын қайта бастауға үлкен мүмкіндік бар.Үшіншіден, елдің әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістердің арқасында Қазақстан картасында жаңа "экономикалық өсу орталықтары" пайда болады. Мемлекеттің осындай маңызды бастамалары өңірдегі іскерлік белсенділікті жандандырады және инвестициялар ағыны үшін ынталандыру болып табылады."Бірінші кезекте, әкімшілік орталық мәртебесі жаңа облыстардың әкімшілік орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы әсер етеді. Бүгінде бұл қалаларда инфрақұрылымның тозуына, жолдардың сапасына, көлік жүйесінің жай-күйіне байланысты проблемалар бар. Жаңа мәртебе осы қалаларға инвестициялар ағынын ұлғайтады және аумақтық-әкімшілік бөліністің ұтымды есебінен жергілікті проблемаларды неғұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті сарапшы. Бұдан басқа, ERI сарапшысының айтуынша, жаңа облыс орталықтарында инфрақұрылымды дамытумен қатар, экономиканы әртараптандыру бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет. Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жетекші орында екенін ескере отырып, Талдықорғанды автоматтандырылған өндірісі бар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің ірі индустриялық орталығы (соя, консервілер, ет өңдеу, кептірілген жемістер) ретінде қалыптастыру бойынша шаралар кешенін қабылдау ұсынылады. Жезқазған қаласында түсті металлургияда жоғары бөліністерді дамыту үшін әлеует бар. Бұдан басқа, жаңа әкімшілік мәртебені ескере отырып, қалада экономиканың IT-секторын, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, оның ішінде жас мамандарды жұмыспен қамтудың перспективалық бағыттары ретінде электрондық сауданы құру және дамыту мәселесін пысықтау қажет. Кеңес заманында Семей қаласын дамыту жеңіл (жүн өңдеу) және тамақ (ет комбинаты) өнеркәсібі негізінде, республиканың мал шаруашылығының шикізат базасында жүзеге асырылды. Тарихи мамандандыруды қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарау, сондай-ақ қаланың көлік-логистикалық әлеуетін (трансшекаралық ағындарды ескере отырып) іске қосу ұсынылады. Қалада қосымша жаңа экономикалық жағдайларда IT-сектор және телекоммуникациялар сияқты экономиканың жаңа секторларын дамыту қажет.
Қарау саны: 4346 |
|
|