ТДМ: 7-мақсат

10.06.2022

7-мақсат. Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету

 

Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қазба отындарының шектеулі болуы, энергетика саласын сенімді, тұрақты және заманауи энергияға, яғни жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) өтуге мәжбүрлеп отыр. Себебі қазіргі таңда ЖЭК технологиялары ілгері дамып, электр энергиясын өндіру құны айтарлықтай арзандады. Мәселен, 2020 жылы еңгізілген 162

гигаватт (ГВт) ЖЭК энергиясының 62% қазба отынынан алынатын энергиядан анағұрлым арзан түскен[1].


Мысалы, былтырғы жылға қарағанда күн сәулесінен алынатын энергия құны 16%-ға, жел көзінен алынатын энергия 13%-ға төмендеді. Сондықтан ЖЭК дамыған және дамушы елдер үшін коммерциялық тартымды және «көміртегі бейтараптығына» ұмтылу үшін жол ашуда. Тек, 2020 жылы ЖЭК-нің жаңа жобалары дамушы елдерге 156 миллиард долларға дейін шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.


Қытай Халық Республикасы ЖЭК технологияларын қолдану мен еңгізу бойынша әлемдегі көшбасшы мемлекеттің бірі. Айта кететін болсақ, Қытайда 1600-ден астам мемлекеттік инкубаторлар мен ғылыми парктер бар, олардың көпшілігі таза технология жобаларын іске асырып жатыр[2]. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қытайда ЖЭК энергиясын өндіру 930 ГВт-қа жетті, бұл жалпы белгіленген қуаттың 42,4%-ын құрайды[3].


Қазақстанға келетін болсақ, ел халқының 100%-ы электр энергиясына қол жеткізе алады, осылайша Қазақстан ТДМ-ның «2030 жылға дейін жалпыға ортақ қымбат емес, сенімді және уақытылы энергиямен қамтамасыз ету» 7.1-міндетін мерзімінен бұрын орындады. Сонымен қатар, Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша халықаралық міндеттемелерді өз мойнына алды, климат жөніндегі Париж келісімі аясында Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізуге міндеттенді, ал 2060 жылға қарай ел «көміртегі бейтараптылығы» туралы мәлімдеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде атмосфераға 9 млрд. тоннадан астам көмірқышқыл газының бөлінуіне жол берілмейді[4].


Бүгінгі күні Қазақстанның электр энергиясын генерациялау құрылымы мынадай: көмірлі - 69%, газды – 20%; СЭС - 7,31%; ЖЭК – 3,69%[5].2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖЭК объектілерінің саны 134-ке жетіп, энергия қуаты шамамен 4,2 млрд. кВтс құрады.


Алайда ЖЭК технологияларын Қазақстанда дамытуға бірнеше тосқауылдар бар:


1. ЖЭК технологиясының құны жоғары, сондықтан елдегі «жасыл» энергияның бағасы әлемдік бағадан 3 есе жоғары. Мәселен, Қазақстанда күн энергиясының бағасы 8,6 центті[6] құрайды, бұл кезде күн энергиясының орташа әлемдік бағасы 1,1-3 центтен[7] аспайды.

2. Елімізде дәстүрлі электр энергиясының құны өте төмен, «Астанаэнергосбыт» АҚ мәліметінше, 1 кВт/сағ энергия құны 12-25 теңге аралығында[8], бұл Қазақстандағы ЖЭК бағасымен салыстырғанда 3 есе төмен.


3. Қазақстанда ЖЭК-тен энергия өндіру өте тұрақсыз және олардың қуат генерациясы шамалы. Сонымен қатар, ЖЭК арналған құрал-жабдықтарды өндіру үшін сирек және түсті металдарды үлкен көлемде пайдаланылады, оларды пайдалы қызмет ету уақыты шектеулі.


Аталған тосқауылдарға қарамастан, ЖЭК жобалары Қазақстанның басым инвестициялық жобаларының тізбесіне кіреді және бірқатар инвестициялық преференциялары бар: кедендік баждардан босату; импорт кезінде ҚҚС-тан босату; мемлекеттік заттай гранттар; мүліктік салықтан босату; жер салығынан босату; КТС-тен босату және тағы басқалар[9].

 

 



[2] The Potential for Scaling Climate Finance in China

[5] KAZENERGY Қауымдастығының 2021 жылғы Ұлттық энергетикалық баяндамасы -https://www.kazenergy.com/ru/operation/ned/2117/



Қарау саны: 4409
Сақталған: 10.06.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!