Қазақстанның жаңа облыстарына инвестициялар туралы

14.06.2022

Негізгі капиталға инвестициялар бойынша (НКИ) 2013-2021 жылдар кезеңінде инвестициялардың орташа 75% - ы жаңа Қарағанды облысына және тиісінше 25% - ы Ұлытау облысына жатқызылды.

Бұл ретте 2021 жылы екі облыс бойынша НКИ 842,1 млрд теңгені құрады, оның 676,1 млрд теңгесі (80%) Қарағанды облысына, ал қалған 166 млрд теңгесі (20%) Ұлытау облысына жіберілді.

 

2021 жылы Қарағанды облысының аудандары бөлінісінде НКИ - ға қатысты облыстың барлық капитал салымдарының 31% - ы Қарағанды қаласының үлесіне (211,2 млрд теңге), 10% - ы Саран қаласының үлесіне (69,4 млрд теңге) және 17% - ы Теміртау қаласының үлесіне (114 млрд теңге) тиесілі. Яғни, жаңа Қарағанды облысы инвестициясының шамамен 58% - ы басты үш қалада шоғырланған.

 

Ең аз инвестиция Приозерск қаласына (8,6 млрд теңге), Қарқаралы ауданына (16,4 млрд теңге), Нұра ауданына (19,7 млрд теңге), Абай ауданына (19,9 млрд теңге) бағытталды.

 

Ұлытау облысындағы жағдай жаңа Қарағанды облысынан өзгеше-инвестициялар біркелкі бөлінген.  2021 жылы облыстың барлық капитал салымдарының 28%-ы Сәтбаев қаласының үлесіне (47,1 млрд теңге), 25%-ы Жезқазған қаласының үлесіне (42,1 млрд теңге), 22%-ы Қаражал қаласының үлесіне (36,3 млрд теңге) және 21%-ы Жаңаарқа ауданының үлесіне (34,7 млрд теңге) тиесілі. 4% немесе 5,8 млрд теңге ғана Ұлытау ауданына тиесілі.




Қарау саны: 4117
Сақталған: 25.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!