Қазақстанның жаңа облыстарына инвестициялар туралы
14.06.2022
Негізгі капиталға инвестициялар бойынша (НКИ) 2013-2021 жылдар кезеңінде инвестициялардың орташа 75% - ы жаңа Қарағанды облысына және тиісінше 25% - ы Ұлытау облысына жатқызылды.
2021 жылы Қарағанды облысының аудандары бөлінісінде НКИ - ға қатысты облыстың барлық капитал салымдарының 31% - ы Қарағанды қаласының үлесіне (211,2 млрд теңге), 10% - ы Саран қаласының үлесіне (69,4 млрд теңге) және 17% - ы Теміртау қаласының үлесіне (114 млрд теңге) тиесілі. Яғни, жаңа Қарағанды облысы инвестициясының шамамен 58% - ы басты үш қалада шоғырланған.
Ең аз инвестиция Приозерск қаласына (8,6 млрд теңге), Қарқаралы ауданына (16,4 млрд теңге), Нұра ауданына (19,7 млрд теңге), Абай ауданына (19,9 млрд теңге) бағытталды. Ұлытау облысындағы жағдай жаңа Қарағанды облысынан өзгеше-инвестициялар біркелкі бөлінген. 2021 жылы облыстың барлық капитал салымдарының 28%-ы Сәтбаев қаласының үлесіне (47,1 млрд теңге), 25%-ы Жезқазған қаласының үлесіне (42,1 млрд теңге), 22%-ы Қаражал қаласының үлесіне (36,3 млрд теңге) және 21%-ы Жаңаарқа ауданының үлесіне (34,7 млрд теңге) тиесілі. 4% немесе 5,8 млрд теңге ғана Ұлытау ауданына тиесілі.
Қарау саны: 4106 |
|
|