Тұрақты даму саласындағы мақсаттар бойынша
16.06.2022
Алматыда Орталық Азия елдерінің қатысуымен Тұрақты даму саласындағы мақсаттар бойынша жоғары деңгейдегі Екінші өңірлік Саммит өтіп, онда Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс талқыланды Бүгін, 16 маусымда Алматыда Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша "Covid – тен тыс-Орталық Азияда әділ қалпына келтіру жолында" екінші өңірлік саммиті жұмысын бастады.
Саммитті Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропалық Одақ пен Азия Даму Банкінің (АДБ) қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) әріптестікте ұйымдастырды.
Екінші өңірлік саммитке Орталық Азия елдері үкіметтерінің саяси көшбасшылары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің жеке секторы мен азаматтық қоғамының өкілдері қатысады. Саммитке қатысушыларға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монари сәлемдесу сөзімен сөйледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірлік ынтымақтастық әрқашан еліміздің негізгі басымдықтарының бірі болғанын атап өтті.
Саммитке қатысушыларды бейнеүндеу форматында Еуропалық Одақтың халықаралық әріптестік жөніндегі комиссары Ютта Урпилайнен де қарсы алды. ЕО комиссары Урпилайнен ЕО-ның ТДМ-ға қол жеткізуде Орталық Азияға көмек көрсетуге бейілділігін атап өтті:
Сондай-ақ, саммит қатысушыларына Министрлер Кабинетінің төрағасы, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Мұхаметғұлы Мұхаммедов сәлемдесу сөзімен сөйледі. Әлемдегі геосаяси жағдай және пандемия салдарынан туындаған жаһандық сын-қатерлер азаматтар өмірінің барлық салаларында, әсіресе халықтың неғұрлым осал топтары үшін тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өңірдегі елдердің сындарлы диалогы мен шоғырландырылған күш-жігерін бұрынғыдан да талап етеді. Барлық мүдделі тараптар-мемлекет, бизнес, азаматтық қоғам, ғылыми орта, халықаралық ұйымдар – тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуде өз рөлін атқаруға тиіс. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Саммит сессиясында сөйлеген сөзінде:
Саммитте әлемдік деңгейдегі бірқатар сарапшылар, соның ішінде Колумбия Университетінің (АҚШ) Тұрақты даму орталығының директоры және белгілі экономист Джеффри Сакс, Брукинг институтының (АҚШ) "Жаһандық экономика және даму" бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Йоханнес Ф. Линн, Колумбия Университетінің (АҚШ) және Sciences Po университетінің (Франция) профессоры Шив Сомшвар, БАӘ Бәсекеге қабілеттілік және статистика федералды орталығының директоры Ханан Ахли, Эстония электрондық басқару академиясының атқарушы директоры және Басқарма төрағасы Ханнес Асток және басқалар тақырыптық баяндамалармен сөз сөйлейді. ТДМ-ға қол жеткізу тұтас тәсілді талап етеді. Спикерлердің баяндамалары ТДМ-ды қаржыландыруда, тұрақты даму үшін серіктестікте, ТДМ-ға қол жеткізу акселераторы ретінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда және т.б. негізгі трендтер мен оларды жетілдіру жолдарын ашады.
Ағымдағы күн спикерлерінің тақырыптық баяндамалары Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдарды құру мақсатындағы күш-жігерін біріктіру мәселелерін талқылаудан басталды. Джеффри Сакс жаһандық сын-қатерлер жағдайында Орталық Азияның барлық елдері тұрақты дамуға қол жеткізу бойынша өздерінің күш-жігеріне қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті. Профессор Сакс көміртегі бейтараптылығының төмендеуін, 5G-ге көшуді және басқаларды осындай сынақтарға жатқызды. Сондай-ақ жаһандық сын-қатер жағдайында Орталық Азия елдері 6 трансформацияны жүзеге асыруға тиіс: білім беруді жаңғырту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, мәдениетті арттыру, ауыл шаруашылығы мен цифрландыруды дамыту, ынтымақтастықты жолға қою және нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыру. Саммиттің екінші күні сессияларының шеңберінде ТДМ-ға қол жеткізудегі аса маңызды бағыттар қаралатын болады. COVID-19 пандемиясы теңсіздікті күшейтіп, алшақтықты төмендетудегі соңғы жетістіктерге қауіп төндірді. Жаңа технологияларды енгізудегі және жаңа, неғұрлым жасыл экономикадан пайда алу бойынша батыл тиімді шаралар қабылдаудағы әйелдер мен жастардың рөліне басты назар аударылатын болады. Бүгінгі таңда адамзаттың басты мәселелерінің бірі-климаттың өзгеруі. Сессияда әділ "жасыл" қалпына келтіру үшін мемлекеттік және жеке қаражатты жұмылдыруға және қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігі сияқты тиімді құралдарды қолдану арқылы қаржылық шектеулерді қалай жеңуге болатынына басты назар аударылатын болады. ТДМ қаржыландыру түрлі қаржы ағындарын жұмылдыруды талап етеді. Сессияда Орталық Азия елдерінің Қаржыландырудың кешенді ұлттық тетіктерін құрудағы ілгерілеуі ұсынылатын болады. Елдер ҚКҰТ құрылымдық элементтерін енгізу тәжірибесімен және алынған сабақтарға қатысты тәжірибесімен бөліседі ТДМ бірінші өңірлік саммиті 2019 жылғы қарашада Алматыда өтті және жаһандық даму күн тәртібін қаржыландыру мәселелеріне арналды.
Қарау саны: 3786 |
|
|