ERI-дің бас ғылыми қызметкері

20.06.2022

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері

Сара Нұрбекқызы Алпысбаева - 70 жаста!

  

Алпысбаева Сара Нұрбекқызы 1952 жылы 20 маусымда  Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының Токаревка кентінде дүниеге келген.

1974 жылы "Экономика және машина жасау өнеркәсібін ұйымдастыру" мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын аяқтады.

1989 жылы КСРО Мемлекеттік еңбек комитетінің Еңбек ҒЗИ-да  (Мәскеу қ.) 08.00.07 – Еңбек экономикасы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1999 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Экономика институтында  (Алматы қ.) 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны сәтті  қорғады.

Сара Нұрбекқызы және ERI ұжымы Біріккен Вена институтының (Joint Vienna Institute) директорымен кездесуде


Сара Нұрбекқызы еңбек жолын 1976 жылы Қарағанды жылу жабдықтары зауыты НОТ бөлімінің инженер-технологы болып бастаған.

1981 жылдан Еңбек ҒЗИ Қазақ филиалының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 

1990-1992 жылдары-ҚР Ғылым Академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесінің қоғамдық ғылымдар орталығының аға ғылыми қызметкері.

1992-1993 жылдары ҚР Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесінің ғылыми хатшысы болды. 

1993-1998 жылдары-ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Экономика институты филиалының өңірлік еңбек нарығы мәселелері бөлімінің меңгерушісі. 

1998-2000 жылдары-ҚР Білім және ғылым министрлігінің Нарықтық қатынастар институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.


2000-2004 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Экономикалық мамандықтар бойынша директордың орынбасары, кейін — ғылыми-білім беру кешенінің директоры болып жұмыс істеді.  Осы жылдары экономикалық мамандықтар бойынша, оның ішінде "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша жоғары білім мамандарын даярлаумен айналысты.

 

2004-2008 жылдары-Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы нарықтық қатынастар институтының директоры болып жұмыс жасады.

2008-2020 жылдары Экономикалық зерттеулер институтының Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры болып жұмыс істеді.


2020 жылдан — Экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері.


Сара Нұрбекқызы қазақстандық жоғары білім беру жүйесіндегі жұмысы, қол жеткізген нәтижелері және отандық ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2007" конкурсының нәтижесі бойынша мемлекеттік грант иегері болды.


2007 жылы шетелдік профессорлармен бірлесіп Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де "Экономика және инновациялық даму" бағыты бойынша PhD докторлық мектебінің жетекшісі болды.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған бірқатар мақалалар жинағының, ұжымдық монографиялардың, "ҚарМУ хабаршысы" журналының жауапты редакторы болды.

Оның басшылығымен Ресей, Венгрия, Ұлыбританияның жетекші ғалымдарының қатысуымен республикалық және халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. 

2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы ОД 53.39.05 мамандығы бойынша біріккен диссертациялық кеңестің төрағасы болды. 

Сара Нұрбекқызының жетекшілігімен 13 кандидаттық диссертация қорғалды. Диссертанттардың көпшілігі-қазақстандық жоғары оқу орындарының қызметкерлері.  

ҚР Ғылым академиясының құрылғанына 50 жыл толуына байланысты және Ғылым академиясындағы ұзақ және жемісті еңбегі үшін Сара Нұрбекқызы ҚР Ғылым министрлігі-Ғылым Академиясы алқасының Құрмет грамотасына ие болды.

 

Сара Нұрбекқызының Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзі, 2008 жыл. 


Сара Нұрбекқызы Экономикалық зерттеулер институтында 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығына басшылық еткен жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, "Бәйтерек" холдингінің және басқа да мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша макроэкономикалық даму және экономикалық-математикалық болжамдау саласындағы жобаларды басқарды, олардың ішінде мынадай жобаларды ерекше атап өтуге болады:

 

- Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерді мониторингтеу және қазақстандық және әлемдік экономикадағы әлеуетті теріс үрдістерді анықтау қорытындылары бойынша талдамалық есеп (2008).

- Қысқа мерзімді кезеңде осалдық пен ықтимал тәуекелдердің негізгі индикаторларын бағалау және болжау әдіснамасы (2008).

- Жедел экономикалық көрсеткіштер мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат (2009).

- Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің ҚР экономикасына әсерін талдау (2011).

-БЭК келісімдерін іске асырудың Қазақстан экономикасына әлеуметтік-экономикалық әсерін зерттеу (2013).

- ҚР Көші-қон саясатын жетілдіру (2014).

- ҚР болжамдау мен дамытудың жедел қысқа-орта мерзімді макроэкономикалық моделін әзірлеу (2016).

- ҚР экспорттық әлеуетін ынталандыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу (2017).

- ҚР инклюзивті дамуына ықпал ету бойынша шаралар әзірлеу (2018).

-Қазақстандық және әлемдік экономиканың ағымдағы үрдістерін, әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуалды, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін сыртқы тәуекелдер мен қауіптерді зерттеу (2018, 2019).

– "Бәйтерек" холдингінің Қазақстан экономикасына 2017-2019 жылдардағы үлесін бағалау бойынша зерттеу жүргізу есебі (2018, 2019).

– Жаңа жаһандық тәуекелдердің Қазақстанның орта мерзімді перспективада әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін зерттеу, макроэкономикалық салдарлар болжамдарының нұсқалары, экономикалық саясатты түзету жөніндегі ұсынымдар (2019).

-Модельдеу құралдарын дамыту мен жетілдірудің сыртқы және ішкі жағдайларын зерттеу арқылы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді талдамалық сүйемелдеу (2019).

- ЖТС реформалаудың макроэкономикалық әсерлерін бағалау, ЕТҚ-ға салық жүктемесінің оңтайлы деңгейін айқындау, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды ескере отырып, жергілікті салықтардың, алымдар мен төлемдердің тиімділігін талдау (2019) және тағы басқалар.


С. Б. Байзақовтың 80 жылдығына арналған Конференция, 2017 жыл

Сара Нұрбекқызы ҚР Үкіметіне, ҚР Президентінің Әкімшілігіне, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға жіберілетін талдамалық жазбаларды, анықтамаларды және өзге де талдамалық және сараптамалық материалдарды тұрақты негізде әзірлейді.

Көрнекті ғалым және белсенді адам ретінде Сара Нұрбекқызы 1990 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің жыл сайынғы жарияланатын конкурстары негізінде алынған гранттар шеңберінде орындалатын макроэкономика және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер саласындағы іргелі және қолданбалы ҒЗЖ ғылыми жетекшісі болып табылады.


Сара Нұрбекқызының жетекшілігімен келесі іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілді:

- "Жалпы тепе-теңдік пен салааралық теңгерім модельдерінің құралдарын пайдалана отырып, әлемдік экономика мен жаһандық нарықтардың форсайт мәнмәтінінде ұзақ мерзімді экономикалық өсудің іргелі факторлары мен детерминантын зерттеу және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі тұрақты дамуының макроэкономикалық болжамын әзірлеу" (2014-2016);

- "Эконометрикалық модельдерді және салааралық теңгерім моделін пайдалана отырып, Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсу факторларына (еңбек, капитал, жиынтық факторлық өнімділік) мемлекет әсері мен мемлекеттік шығыстардың әсерін зерттеу және бағалау" №AP05132465 (2018-2020);

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын "Әлеуетті ЖІӨ мен жаһандық сұраныстың декарбонизациясы және жылжуы кезіндегі шығарылымның алшақтығын модельдеумен Қазақстанның контрциклдық және құрылымдық саясатының басымдықтарын әзірлеу", ЖТН AP08856201 (2020-2022), және басқалар.

 

Сара Нұрбекқызы 120-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде Scopus базасына кіретін басылымдардың, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдардың, бірқатар монографиялардың, сондай-ақ өзге де шетелдік және қазақстандық басылымдардың авторы болып табылады.

Сара Нұрбекқызы — "Құрмет" орденінің (2017), "Еңбек ардагері" медалінің (2021); "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің (2016) иегері.


Суретте: Сара Нұрбекқызы Венадағы (Австрия) әріптестерімен ЕАЭО және ЕО интеграциясы бойынша семинарда, 2014 жылғы шілде

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы №3 шешімімен "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды (2019).

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орайластырылған Алғыс хаты алынды (2001).

Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі және V Астана экономикалық форумының жұмысына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Сауда және экономикалық даму министрі Б.Сағынтаевтан Алғыс хат алынды (2012).        

Мінсіз жұмысы, қойылған міндеттерді орындау барысында қол жеткізген жоғары ғылыми нәтижелері үшін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтановтан Алғыс хат алынды (2008).        

 

Сара Нұрбекқызының ғылым мен жоғары білім саласына қосқан елеулі үлесін айта отырып, Экономикалық зерттеулер институтының ұжымы құрметті әріптесіне денсаулық, бақыт, амандық, күш-қуат және ұзақ жылдар бойы жемісті шығармашылық қызмет тілей отырып, айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

 

 

Құрметпен,

Экономикалық зерттеулер институтының ұжымы

 

 



Қарау саны: 3785
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!