Жаңадан құрылған 3 облыс қандай болмақ?

22.06.2022

Абай облысы

 

Құрамына 7 аудан және 2 қала кіреді. Олар – Ақсуат, Абай, Аягоз, Бесқарагай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары.

Облыстың аумағы 180 мыңнан астам шаршы шақырымды құрайды. Яғни өңірлердің арасындағы ең үлкен облыстардың бірі болайын деп тұр.


Бастапқы есептеулерге сәйкес жаңа облыста 652 мыңға жуық адам тұрады. Яғни бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының тең жартысы деп айтсақ болады. Халық саны бойынша облыс Қазақстан өңірлерінің арасында 18 орында болады.


Қала халқының саны 387 мың, ауыл халқы 265 мың адамды құрайды. Урбандалу деңгейі 59,3%.


Экономикалық жағынан жаңа облыстың даму әлеуеті әжептәуір жоғары. 


Біріншіден
, облыс географиялық жағынан ыңғайлы орналасқан. Облыс тұтыну нарығы орасан зор Қытай және Ресей сияқты алпауыт мемлекеттермен шекараласады. Қытаймен сауда ағымдары «Бахты» кеден бекеті арқылы өтетін болса, Ресеймен – бұл «Ауыл» кеден бекеті. 


Екіншіден, облыстың зор өнеркәсіптік және ауылшаруашылық әлеуеті бар. Кеңес одағы кезінде Семей қаласы өнеркәсібі жақсы дамыған қала болған, соны қайтадан жандандыру керек. Курчатов қаласының ғылыми әлеуеті неге тұрады. Қалада ядролық технологиялар орталығы жұмыс істейді.


Қазіргі уақытта облыс экономикасы аграрлық-индустриалдық бағытта дамып отыр. Оған дәлел ретінде бірқатар статистикалық мәліметтерді келтіруге болады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі туралы айтатын болсақ, 2021 жылы облыста 913 млрд теңгенің өнімі өндірілді (өңірлер арасында 13 орын). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Семей (34,5%), Жарма (32,2%) және Аягоз (22,5%) аудандарында шоғырланған. Өнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыттары – тамақ өнімдерін шығару, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, автобус құрастыру, мыс және алтын кендерін өндіру.  


Өңірде ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. 2021 жылдың нәтижесі бойынша облыста 475 млрд теңгеге ауыл шаруашылық өнімі өндірілген (7-орын). Салада жұмыспен қамтылғандардың 19%-дан астамы қызмет етеді.


Облыстың ірі кәсіпорындары – «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Семаз» ЖШС, «Актогайский гок» филиалы, «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» АҚ, «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС.


Су жаңа облыста әзірге іске асырылмаған зор әлеуетімен қатар ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқан біршама әлеуметтік-экономикалық мәселелер бар.


Олардың ішінде аса маңызды мәселелердің бірі облыс тұрғындарының инфрақұрылымдық игіліктермен қамтылу деңгейі бойынша қарама-қайшылықтар. Облыста халықты ауызсумен қамту, инженерлік және көлік қызметтерімен қамту сияқты өзекті мәселелер шешімін күтуде.


Экономиканы жандандыру үшін «Семей-Өскемен» республикалық маңыздағы жолды жөндеу қажет. Облыс ішіндегі аудан орталықтары мен Семей қаласы арасындағы жолдарға көңіл аудару қажет.


Ерекше назарға ілінуге тиісті мәселелердің бірі жаңа облыс орталығы Семей қаласындағы инфрақұрылым мен әлеуметтік объектілердің ахуалы. Қала ішіндегі жолдардың сапасы туралы да көптен бері айтылып келеді. Олардың барлығы халықтың өмір сүру сапасына кері әсер етеді, сондықтан оларды шешу керек.


Облыс экономикасын жаңғырту бойынша көптеген мәселелер бар. Жаңа облыстың кейбір аудандарында негізгі қорлардың тозу деңгейі 50%-дан асып кеткен. Сондықтан, экономикаға ауқымды инвестициялар тарту керек.


Ауылдық жерлерде жұмыс орындарының тапшылығына қатысты айтарлықтай мәселелер бар. Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар саны жоғары. Бұл мәселені де шешу керек.

 

 

 




Қарау саны: 4443
Сақталған: 22.06.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!