ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі
04.07.2022
29-30 маусымда осы жұмыс органының төрағасы Дастин Браунның қатысуымен ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі комитетінің (бұдан әрі-Комитет) арнайы сессиясы өтті.Отырысқа ЭЫДҰ-ға мүше елдерден, сондай-ақ Бразилия, Египет, Марокко, ОАР, Перу, Тунис сияқты елдерден 90-нан астам өкіл қатысты. Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері қатысты.
Отырыс бейнеконференция байланысы форматында өтті, оның барысында министрлер деңгейіндегі Комитет отырысына дайындық және оның алдындағы іс-шара - 2022 жылғы 17 қарашадағы Жаһандық форум туралы жаңартылған ақпарат ұсынылды. Аннотацияланған іс-шаралар күн тәртібінің жобасы, негізгі құжаттаманы әзірлеу мен келісуге қатысты прогресс пен жоспарлар туралы жаңартылған ақпарат ("Мемлекеттік мекемелердің жаһандық жауапкершілігін қамту", "Цифрлық демократия мүддесінде мемлекеттік басқаруды қайта құру" тақырыптары бойынша шолу анықтамалық жазбалар) ұсынылды. Анықтамалық: ЭЫДҰ —1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 38 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.
Қарау саны: 3981 |
|
|