2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форум
07.07.2022
5 шілдеде Нью-Йоркте 2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форум (ЖДСФ) жұмысын бастады. Жоғары деңгейдегі саяси форум (ЖДСФ) — бұл жыл сайынғы үкіметаралық форум, онда елдер Тұрақты даму мақсаттарын қарастырады және оларға қол жеткізудегі прогресс туралы хабарлайды. ЖДСФ 2022 жылы 5 шілдеден бастап 15 шілдеге дейін «2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің толық іске асырылуына бір уақытта ілгерілей отырып, коронавирус сырқатынан (COVID-19) кейін қалпына келуді жақсарту» ұранымен өтеді.
Ерікті ұлттық шолу (ЕҰШ) – бұл Тұрақты даму мақсаттарының қолжетімділігіне талдау жасалған және оларды іске асырудағы сын-қатерлер анықталған құжат. Қазақстан 2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форумда екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстыратын болады. Қазақстанның ТДМ жөніндегі Ұлттық ерікті шолуын ҚР Ұлттық экономика министрлігі ТДМ жөніндегі БҰҰ Бірлескен Қорының қолдауымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп дайындады. ЕҰШ дайындау үшін БҰҰ жыл сайын елдерге бес басым мақсатты ұсыналы. Ағымдағы жылы бұлар: – 4 ТДМ: «Сапалы білім»; – 5 ТДМ: «Гендерлік теңдік»; – 14 ТДМ: «Теңіз экожүйелерін сақтау»; – 15 ТДМ: «Құрлық экожүйелерін сақтау»; – 17 ТДМ: «Әріптестік». Екінші шолуда Қазақстан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылары, азаматтар және барлық мүдделі тараптар ел бойынша жасалған көшпелі іс-шаралар шеңберінде таңдаған тұрақты даму мақсаттарына назар аударады. Олардың ішінде: – 1 ТДМ: «Кедейлікті жою»; – 3 ТДМ: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»; – 4 ТДМ: «Сапалы білім»; – 5 ТДМ: «Гендерлік теңдік»; – 6 ТДМ: «Таза су және санитария»; – 8 ТДМ: «Адал жұмыс және экономикалық өсу». Анықтамалық: 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде, мемлекет пен үкімет басшылары 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады, оған кедейлікті жоюға, теңсіздікпен және әділетсіздікпен күресуге, сондай-ақ климаттық өзгерістермен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 17 Тұрақты даму мақсатынан тұратын тізім кіреді .
Қарау саны: 4142 |
|
|