ERI сарапшылары РӘТ практикасы бойынша
01.07.2022
ERI реттеушілік әсерге талдау жүргізу практикасы бойынша оқыту онлайн-семинарларын өткізді29 маусым мен 1 шілде аралығында онлайн-форматта орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және бизнес – қоғамдастық (қауымдастықтар) өкілдері үшін реттеушілік әсерге талдау (бұдан әрі-РӘТ) жүргізу практикасы бойынша семинарлар өткізілді.Семинарды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды және өткізді. ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Ерік Жамбылов сәлемдесу сөзімен сөйледі. Ол ҚР ҰЭМ кәсіпкерлік қызметті шамадан тыс мемлекеттік реттеуді қысқарту бойынша дәйекті саясат жүргізіп жатқанын атап өтті. "Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы — РӘТ институты. РӘТ орынсыз және тиімсіз реттеуші құралдарды енгізуге кедергі болды", - деп атап кетті Ерік Жамбылов. 2021 жылы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының қабылдануына байланысты 2022 жылғы сәуірде Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Семинардың мақсаты-Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын түсіндіру. РӘТ талдамалық нысандарына, сондай-ақ реттегіш құралдарды қайта қарау тәртібіне ерекше назар аударылды, РӘТ балама ретінде қолданыстағы реттегіш құралдардың тиімсіздігі өлшемшарттары қаралды. Оқытуға орталық атқарушы органдардың, жергілікті атқарушы органдардың шамамен 155 қызметкері және қауымдастық өкілдері қатысты. Онлайн-семинарды ERI Ғылыми экономикалық сараптама және зерттеулер орталығының сарапшылары Айгүл Асенова мен Замира Шапиханова өткізді. _____ Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабының 1-тармағына сәйкес "кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) болып табылады ". РӘТ мақсаты "белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды пайдалану, реттеуді қатаңдату бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру" болып табылады.
Қарау саны: 4117 |
|
|