Сарапшы пікірі: Бауыржан Мұқан
14.07.2022
Азаматтардың табысын арттырудағы назар аударатын мәселелер«Ақшалай нақты табыс көрсеткішінің сын көтермейтін шамаға дейін құлдырауының бірінші кезектегі себебін инфляциялық көрсеткіштің жоғары шамасымен тікелей байланыстыруға болады», — деді Экономикалық зерттеулер институтының атқарушы директоры Бауыржан Мұқан. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап шарықтап үлкен қарқында ұлғайған бұл көрсеткіштің мөлшері көріп отырғаныңыздай 119,8%-дан асып жығылады. Бұндай инфляцияның үлкен көрсеткішінің шамасы, әрине ақшалай табыстың сатып алу қабілеттілігін түсіріп қана қоймай, оның индексінің теріс сипатқа айналдыру әсерімен ерекшеленеді. Екінші іргелі себеп ретінде, ЖІӨ құрылымында жұмыскерлер еңбекақысының төмен үлесін назарға алуымыз керек. Демек, бұл көрсеткіш 2020 жылы - 31,2 %, 2021 жылы – 30,9%-ға төмендеген. Ал, басқа елдермен салыстырғанда аз. Мәселен, Еуропалық Одақта – 50%-ға жуық. Халықтың табысын арттыру бағдарламасында ЖІӨ құрылымында жұмыскерлер еңбекақысының 2025 жылға дейін 38,5%-ға көтеру басты міндеттердің бірі болып отыр. Сонымен қатар, бағдарламада еңбек қызметінен түсетін табыстың жалпы табыстағы үлесі 2020 жылы 57,9%-ды құраған. Ал, 2025 жылы аталған көрсеткішті 80%-дан арттыру қажет. Бұл мақсатқа жету оңай мәселе емес екендігі анық. Бірақ, Үкімет пен жергілікті басқару органдарының назарға алатын мәселе ретінде келесі маңызды үрдісті айтуымыз керек. Біріншіден, жалдамалы еңбеккердердің жұмыспен қамтылғандардға шаққандағы үлестің әр өңір бойынша ерекше сипат алатыны. Кесте 1 - Еңбек нарығы мен табыс индикаторларының өңірлік деңгейдегі жағдайы, 2021 жылНақтырақ айтсақ, кестеде көрсетілгендей Ақтөбе, Атырау Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша жалдамалы жұмыс жасайтын қызметкерлер 84-94,7%-дан асып отыр. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтитын еңбеккерлер бұл өңірлерде 5,3%-дан 15,3% аралығында. Ал, басқа өңірлерде жалдамалы түрде қызмет атқаратын халықтың өкілдері 71%-дан аспайды және өзін-өзі қамтитын еңбеккерлер 27,5%-46,2% аралығында. Бұдан шығатын қорытынды, неғұрлым жалдамалы еңбеккердердің жұмыспен қамтылғандардға шаққандағы үлесі көп болса, соғұрлым өзін-өзі жұмыспен қамтитын еңбеккерлер үлесі төмен. Ал, әлеуметтік трансферттерге тәуелділік жоғырылығы байқалады. Жергілікті атқару органдары өзін-өзі жұмыспен қамтитын еңбеккерлердің үлесін азайтуы мәселесін шешуі қажет немесе ресми түрде еңбек нарығында тіркелуіне ынталандыру шараларын әзірлеуі керек. Халықтың табысын арттыру бағдарламасының әр нақты қадамын жүзеге асыруға қажетті институционалдық және ұйымдастырушылық шараларын жеткілікті деңгейде орындаулары абзал.
Қарау саны: 4382 |
|
|