Сарапшы пікірі: Шынар Төлешова

15.07.2022

Қазақстанның демографиялық даму барысы туралы

Елдің ертеңгі еңбек нарығында орын алатын өзгерістер қазіргі демографиялық даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстандағы туу деңгейі 2005 жылғы орташа есеппен бір әйелге 2,2 баладан 2021 жылы 3,3 балаға дейін өсті.

Мемлекет басшысы келесі жылы туу көрсеткіші жоғарылай бастаған 2005 жылы дүниеге келген ұрпақты еңбек нарығына шыға бастайды деп айтты. 2023 жылы 2005-те дүниеге келген балалар 18 жасқа толады.

Жалпы, Қазақстанда еңбекке қабілетті жас көрсеткіші ресми түрде 16 жастан басталады. Халық санын жас құрылымы бойынша жылжыту арқылы демографиялық қарапайым болжам жасағанның өзінде Қазақстанда еңбек нарығына кіретін 16 жастағы жастардың саны зейнетке шығып, жұмыс орнын босататын жастағылармен салыстырғанда жыл сайын өсіп отырады.

Егер 2023 жылы еңбек нарығына кіретін 16 жастағы жастар саны 102 847 адамға артық болса, 2030 жылы олардың саны 188 881 адамға артық болады.

Бұл ретте, егер экономикалық өсім жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етпесе, жастардың осындай бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету қажет болады деген сөз.

Бұл ретте, егер экономикалық өсім жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етпесе, жастардың осындай бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету қажет болады деген сөз.





Қарау саны: 4391
Сақталған: 15.07.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!