Сарапшы пікірі: Ернар Серік

15.07.2022

Инфляцияны тұрақтандыру туралы

Қазіргі бағаның өсуі ішкі және сыртқы факторлардың қысымында екені мәлім. Ішкі факторлаға бюджет шығыстарының өсуі мен тұтыну тауарларының импортқа тәуелділігі жатады. Ал сыртқы факторлардың қатарында халықаралық жеткізу тізбегінің бұзылуы, COVID-19 салдарынан азық-түлік өнімдері мен металдарға әлемдік бағаның бұрын-соңды болмаған өсуі жатады.

Қазіргі уақытта Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру барысында инфляцияны тұрақтандыруға бағытталған жүйелі жұмыс жасаланып жатыр. Алайда олардың орындалуы қазіргі инфляция деңгейін белгілі бір деңгейде ауыздықтауға ұзақ уақытта нәтижесін көрсететіні болжамда.


Осы жерде инфляция деңгейін төмендетуге бағытталып жатқан халықаралық тәжірибеге сүйенген жөн. Мысалы, Қытайда бағалар деңгейін мониторингтеу, болжау және өсу қаупін ерте ескерту жүйесі қолданысқа енгізілген.


Бұл жүйе заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мониторингтік система барлық жеткізу тізбегін қамтиды: өндіріс, тасымалдау, сату, мұнда әрбір кезеңдегі шығындар және негізгі өнімдерге бағаның өзгеруі бақыланады. Бұл жұмыс салалық бірлестіктермен тығыз байланыста жүргізілетін болады.

 



Қарау саны: 4352
Сақталған: 15.07.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!