Мамыр айында Қазақстанның экспорты

20.07.2022

2022 жылғы мамырда Қазақстаннан тауарлар экспорты $7,7 млрд құрады — мұндай
айлық экспорт көлемі 2014 жылғы ақпаннан бері болған жоқ ($7,9 млрд)! 

Мұнай, металл және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жоғары бағасы Қазақстанға 5 ай ішінде $34,2 млрд экспорттық түсім әкелді, бұл өткен жылғы бес айлық көрсеткіштен 59% - ға немесе $12,7 млрд-қа артық, деп хабарлайды ERI сарапшылары. 

Қазақстанның сатылымы өсті:
  • мұнай-91% немесе $9,6 млрд-қа
  • ферроқорытпалар-61% немесе $529 млн-ға
  • мыс катодтары-25% немесе $318 млн-ға
  • бидай-61% немесе $322 млн-ға
  • уран-2,6 есе немесе $497 млн-ға 
  • күкірт-3,3 есе немесе $238 млн-ға
Аталған тауарлар ел экспортының 90% өсуін қамтамасыз етіп, жиынтығында $11,5 миллиардтық өсімді көрсетті.

Ұн (+$135 млн), күкірт (+$238 млн) және сұйытылған газ (+$94 млн) экспорты көлемінің өскенін атап өтеміз.

Ел бөлінісінде экспорт келесідей болып өсті:
  • Италияға $2,9 млрд-ға
  • Қытайға $ 1,5 млрд-қа
  • Оңтүстік Кореяға $1,3 млрд-қа
  • Түркияға $1,1 млрд-қа.

Жалпы, Еуропалық одаққа жеткізілімдер $5,8 млрд-қа және Азия елдеріне $5,2 млрд-қа өсті, бұл екі бағыт қазақстандық экспорттың 87% өсімін қамтамасыз етті, ал ҚР-дың ЕАЭО елдеріне экспорты қаңтар-мамырда 0,9% - ға төмендеді.


Қарау саны: 4277
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!