Мамыр айында Қазақстанның экспорты
20.07.2022
2022 жылғы мамырда Қазақстаннан тауарлар экспорты $7,7 млрд құрады — мұндай айлық экспорт көлемі 2014 жылғы ақпаннан бері болған жоқ ($7,9 млрд)! Мұнай, металл және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жоғары бағасы Қазақстанға 5 ай ішінде $34,2 млрд экспорттық түсім әкелді, бұл өткен жылғы бес айлық көрсеткіштен 59% - ға немесе $12,7 млрд-қа артық, деп хабарлайды ERI сарапшылары. Қазақстанның сатылымы өсті:
Аталған тауарлар ел экспортының 90% өсуін қамтамасыз етіп, жиынтығында $11,5 миллиардтық өсімді көрсетті. Ұн (+$135 млн), күкірт (+$238 млн) және сұйытылған газ (+$94 млн) экспорты көлемінің өскенін атап өтеміз. Ел бөлінісінде экспорт келесідей болып өсті:
Жалпы, Еуропалық одаққа жеткізілімдер $5,8 млрд-қа және Азия елдеріне $5,2 млрд-қа өсті, бұл екі бағыт қазақстандық экспорттың 87% өсімін қамтамасыз етті, ал ҚР-дың ЕАЭО елдеріне экспорты қаңтар-мамырда 0,9% - ға төмендеді.
Қарау саны: 4275 |
|
|