ЕҚДБ-мен кездесу өтті
21.07.2022
Бүгін, 21 шілдеде Экономикалық зерттеулер институтында (ERI) Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов Еуразиялық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озханмен және ЕҚДБ қазақстандық кеңсесінің жетекші банкирі Майра Қарасаевамен кездесу өткізді. Сұлтанов мырза Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын жетілдіру аясында Институт жүргізіп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің нақты траекториясын қалыптастыруға баса назар аударылғанын атап өтті. Анықтамалық: 51 ел және 1 бірлестік (Еуропалық Одақ) көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша өз стратегияларын қабылдады. 13 ел нөлдік шығарындылардың нысаналы көрсеткіштерін заңды түрде міндетті етті (Канада, Испания, Португалия, Германия, Ұлыбритания, Норвегия, Жапония және т.б.), 33 ел өздерінің нөлдік шығарындылардың нысаналы көрсеткіштерін бағдарламалық құжаттарға/декларацияларға енгізді (АҚШ, Австралия, Түркия, Чили, Италия, Нидерланды және т. б.). ЕҚДБ өкілдерінің айтуынша, жетілдіру процесі аясында көмірден бас тарту, ЖЭК жылдамдығы мен ауқымдылығы (оның ішінде сақтау жөніндегі жобалар), жаңа газ қуаттарын енгізу, сондай-ақ "ақылды" электр желілерін құру сияқты сәттерді ескеру маңызды. ЕҚДБ өкілдерінің айтуынша, жетілдіру процесі аясында көмірден бас тарту, ЖЭК жылдамдығы мен ауқымдылығы (оның ішінде сақтау жөніндегі жобалар), жаңа газ қуаттарын енгізу, сондай-ақ "ақылды" электр желілерін құру сияқты сәттерді ескеру маңызды. Кездесу соңында тараптар Қазақстанның энергия көшуі аясында одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Суретте (солдан-оңға қарай): ЕҚҚДБ өкілдері - Майра Қарасаева, Хусейн Озхан; ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов, ESG сараптама орталығының директоры Айдын Бақдолотов, ERI Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бейсенғазин, кеңесші Әсел Алпысбаева.
Қарау саны: 4214 |
|
|