ҚР Екінші Ерікті ұлттық шолуы

15.07.2022

Қазақстанның Екінші Ерікті ұлттық шолуы


1. 2019 жылғы ЕҰШ пен 2022 жылғы ЕҰШ немен ерекшеленеді?

ЕҰШ-2022-де 17 ТДМ-ға қол жеткізудегі прогресс туралы ғана емес, БҰҰДБ-мен бірлескен зерттеулердің нәтижелері-Дамуды қаржыландыруды бағалау (ДҚБ), Жылдам кешенді бағалау (ЖКБ) туралы ақпарат ұсынылған. Сондай-ақ, БҰҰ Әйелдер ұйымымен бірлесіп бір өңірдің мысалында әзірленген әдістемені қолдана отырып, қысқаша гендерлік талдау ұсынылған.

Негізгі тұжырымдар: Мемлекеттік бюджет қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады (2015 жылы ЖІӨ-нің 75%-ы, 2016-2019 жылдары ЖІӨ-нің 54,9%- ы); ТДМ міндеттерін бюджеттік бағдарламалармен қамту-46%. 


Сондай-ақ, ЕҰШ-те ТДМ іске асыруға бизнес пен азаматтық қоғамның қатысуы туралы ақпарат ұсынылған.

 

2. Үш жылда не жасалды:

- ТДМ бойынша Үйлестіру кеңесі ҚР Премьер-Министрінің басқаруына берілді;

- стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде ТДМ міндетті есепке алу туралы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгерістер енгізілді;

- ТДМ ұлттық индикаторлары бекітілді;

- ТДМ-ға қол жеткізуді мониторингтеу жөніндегі комитет құрылды.


 

3. Басым ТДМ қалай анықталды?

Еліміздің 17 өңірінде көшпелі семинарлар барысында дауыс беру өткізілді. Қатысушылар келесі 5 мақсатты белгіледі: 1 ТДМ: "Кедейлікті жою" (48,8%); 3 ТДМ: "Жақсы денсаулық және амандық" (65,4%); 4 ТДМ: "Сапалы білім" (59,7%); 6 ТДМ: "Таза су және санитария" (41,4%); 8 ТДМ: "Лайықты жұмыс және экономикалық өсім" (47%).

 

ЕҰШ-2022-де БҰҰ ұсынған ТДМ-ға да (5 ТДМ, 14 ТДМ, 15 ТДМ, 17 ТДМ) баса назар аударылған.

 

4. ҚР-да тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді бағалау.

1 ТДМ. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмек көрсету өлшемшарты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ына дейін көтерілді. Көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.


2 ТДМ. Қазақстанда ашаршылық толығымен жойылды. Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексінде Қазақстан өз рейтингін 16 позицияға жақсартты және 2021 жылы 41-ші орынға ие болды.


3 ТДМ. "QazVac" вакцинасының белсенділігі жойылған түрі әзірленді. Бала туу көрсеткіші 7,5% - ға өсті. Нәрестелер өлімі 0,6% - ға төмендеді. Туберкулезден болатын өлім-жітім 15% - ға қысқарды.


4 ТДМ. Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша заң қабылданды. Мектептердің 96,6% - ы кең жолақты Интернетке 4 Мб/с жылдамдықпен қосылған. Педагогтардың еңбекақысы жыл сайын өсіп жатыр.


5 ТДМ. Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және экономикалық әділеттілік пен құқықты ілгерілету жөніндегі жаһандық іс-қимыл коалицияларына қол қойылды. Сайлау партиялық тізімдерінде және Парламентте әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квота енгізілді. Әйелдердің еңбегін шектейтін жұмыстардың тізімі жойылды. Өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары, 31 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.


6 ТДМ. Сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 2021 жылы қалаларда 98,1%, ауылдарда – 93%. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін су пайдалану тиімділігінің орташа 8% - ға өсуіне қол жеткізілді.

 

7 ТДМ. 2019-2021 жылдары ЖЭК үлесі 75% - ға өсіп, 4,2 млрд кВт/сағ құрады.


8 ТДМ. 2021 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 6,5% - ға өсті. 2020 жылдан бастап Жұмыспен қамтудың жол картасы жүзеге асырылуда, 239 мың адам жұмысқа орналастырылды.

 

9 ТДМ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тасымалданған жолаушылар саны пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 3 есе азайды. Транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 60% - ға ұлғайды.

 

10 ТДМ. ЕТЖ өсімі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін. Көші-қон қызметтері орталықтары ашылып, еңбек патенттерін ресімдеу кезінде "бір терезе" қағидаты енгізілді.


11 ТДМ. 3 жылда тұрғын үй қоры 8,8% - ға ұлғайды. Жыл сайын жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі өсуде. Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесі 2016 жылғы 2,6% — дан 2021 жылы 21,1% - ға дейін өсті. 


12 ТДМ. "Астана" халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржалық алаңында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының жасыл облигацияларын шығару арқылы 2020 жылы орнықты және жауапты дамудың облигациялар нарығын енгізу.


13 ТДМ. Жаңа экологиялық кодекс қабылданды, "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы іске асырылуда, GTC Green Technology Hub Ltd құрылды. (жасыл және әлеуметтік маңызы бар стартаптарды қолдау).  

 

14 ТДМ. Бір кездері көлемі бойынша әлемдегі төртінші орынға ие болған Арал теңізінің таяздануы. Қазақстандағы "су стрессінің" деңгейі 80% - дан асады. Каспий итбалығын сақтау бойынша шаралар қабылдануда.

 

15-мақсат. Орманды алқап-бар болғаны 5%. Тұзды жерлерді қалпына келтіру үшін сараланған технологиялар жүйесі жасалды.


16 ТДМ . Өңірлік өкілдіктер құру арқылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мандаты нығайтылды. 2019 жылы ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ медициналық ұйымдарда туылған балаларды тіркеу рәсімі регламенттелді.  2022 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.


17 ТДМ. Серіктестік. ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Орталық Азия елдері үшін ТДМ бойынша білім алмасудың өңірлік платформасы іске қосылды. "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі құрылды.

 

ТДМ одан әрі іске асыру үшін мынадай маңызды бағыттар айқындалды:

- Дамуды қаржыландыру жөніндегі іс-қимылдардың Аддис-Абеба бағдарламасында қабылданған міндеттемелерді одан әрі орындау;

- Мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес, халықаралық ұйымдар және т. б. арасындағы диалогты жалғастыру.;

- Орталық Азия елдерімен және басқа да халықаралық әріптестермен тиімді өңірлік өзара іс-қимылды қолдау.

 

 



Қарау саны: 3976
Сақталған: 25.07.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!