ЭЫДҰ консультативтік тобы

27.07.2022

Қазақстанның ҰБО ЭЫДҰ Ғылым мен технология және парақорлықпен күрес жөніндегі басқарушы қағидаттары бөлімдерін талқылауға қатысты.

 

21-22 шілдеде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық кеңсесі ЭЫДҰ көпұлттық кәсіпорындарға арналған басқарушы қағидаттарын (бұдан әрі ЭЫДҰ басқарушы қағидаттары) талдау бойынша консультативтік топтың онлайн отырысына қатысты.

 

Кездесу «Проблемаларға дайындық» тақырыптарына: ЭЫДҰ басқарушы қағидаттары IX «Ғылым және технологиялар» тарауы және VII «Парақорлықпен күрес, пара ұсыну және талап ету» тарауына арналды.

 

ЭЫДҰ хатшылығы жұмыс құжатын дайындады, онда 2022 жылғы 8-10 наурызда Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобы аясында өткен талқылаулар, сондай-ақ бейресми консультативтік топ мүшелерінен алынған пікірлер негізінде ЭЫДҰ басқарушы қағидаттарының жоғарыда аталған бөлімдеріне ықтимал мақсатты жаңартулардың нұсқаларын сипаттайды.

 

IX «Ғылым және технология» тарауының ережелеріне ұсынылатын жаңартулардың мақсаты — жергілікті нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қабылдаушы елдерде зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізу;

қабылдаушы елдің қызметкерлерін ғылыми-техникалық мамандар ретінде жалдау және оларды әлеуметтік қажеттіліктерге сәйкес коммерциялық тұрғыдан сезімтал түрде оқытуды ынталандыру; жергілікті университеттермен, мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс орнату және жергілікті қауымдастықтармен, сондай-ақ кәсіподақтармен бірлескен ғылыми жобаларға қатысу.

 

«Парақорлықпен күрес, пара ұсыну және талап ету» VII тарауының ережелеріне ұсынылып отырған өзгерістердің мақсаты— сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарын қолдануына нұсқау; тиісті қадағалауға сілтемелерді күшейту; кәсіпорындардың ынтымақтастықта жауапкершілігі; гендерлік салдарлар; құнды құру тізбегінің ауқымы және сыбайлас жемқорлықпен байланысқа қатысты нақтылау; азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың рөлінің көрінісі.

 

Сондай-ақ кездесу шеңберінде ЭЫДҰ Кәсіподақтық консультативтік комитетінің (TUAC) кеңесшісі Блейк Харвелл ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарына қатысты ЭЫДҰ цифрлық жол картасын ұсынды.

 

Баяндама шеңберінде келесі аспектілер ерекшеленген:

  • Цифрлық трансформацияның экономикалық салдарын түсіну;
  • Цифрлық трансформацияның әлеуметтік мақсаттар мен адамның әл-ауқатына әсерін өлшеуді ынталандыру.

 

Тұсаукесерден кейін ЭЫДҰ Хатшылығы жиналыстың барлық қатысушыларымен пікірталасты бастамалады, онда делегаттар ұсынылған жаңартулар бойынша өз пікірлерін білдірді және ЭЫДҰ Басқарушы қағидаттар тұжырымы бойынша түсініктемелер берді.

 

 

Кездесудің қорытындысы бойынша ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі заңгерлік сарапшысы Барбара Биелич VII, IX тараулар бойынша ресми кеңесу 2022 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланғанын атап өтті.

 

 

Анықтамалық:

ҰБО — ЭЫДҰ көп ұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, сатып алу және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым және технологиялар, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешім қабылдайтын алқалы кеңесші орган болып табылады

 

ҰБО Хатшылығының функцияларын ҚР –да «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жүзеге асырады. 



Қарау саны: 4031
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!