БҰҰ Жоғары деңгейдегі саяси форумындағы

15.07.2022

Әлібек Қуантыровтың БҰҰ Жоғары деңгейдегі саяси форумында сөйлеген сөзі  

14 шілдеде Нью-Йоркте өткен "2030 жылға қарай ТДМ-ға қол жеткізуді жеделдету: ағымдағы дағдарыстарды шешу және сын-қатерлерді еңсеру" БҰҰ Жоғары деңгейдегі саяси форумында
ғы Министрлік дөңгелек үстелінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сөз сөйледі.
 

Дөңгелек үстел 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізудегі ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі ағымдағы дағдарыстар мен проблемаларды еңсеру жөніндегі шараларға қатысты елдердің көзқарастарымен алмасу үшін өткізілді. 

 

Іс-шараға 50-ден астам ел қатысты.

 

  ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың Министрлік дөңгелек үстелде сөйлеген сөзі

 

"2022 жылы біз 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің 15 жылының жартысына жуығын өттік. Бізде  тұрақты дамуға қол жеткізуді шектейтін проблемаларды шешу процесін жеделдету үшін ортақ жолдың жартысы ғана қалды", - деп атап өтті Әлібек Қуантыров өз сөзінде.

 

Сөз соңында министр Жоғары деңгейдегі саяси форумның, сондай-ақ ТДМ саммитінің практикалық нәтижелерін келесі жылы пайдалануға тілек білдірді,

өйткені олар елдің дұрыс бағытта қозғалуының және 2030 жылғы күн тәртібінің оң нәтижелеріне қол жеткізу процесін қаншалықты тез жеделдетудің эталоны ретінде қызмет етедi

 
 

Министрлік дөңгелек үстелге қатысушылар

Анықтамалық: Жоғары деңгейдегі саяси форум (ЖДСФ) — бұл жыл сайынғы үкіметаралық форум, онда елдер тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті қарайды және хабарлайды.

2022 жылы ЖДСФ "2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін толық іске асыруға бір мезгілде ілгерілете отырып, коронавирустық аурудан (COVID-19) кейін қалпына келтіруді жақсарту" ұранымен 5 шілде мен 15 шілде аралығында өтті.

 



Қарау саны: 4092
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!