АҚШ-тың ЖІӨ төмендеуде, алайда рецессия басталмаған сияқты
27 шілдеде өткен АҚШ Федералдық резервтік жүйесі Басқарушылар кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша базалық пайыздық мөлшерлемені екінші рет қатарынан 75 б.п. көтеру туралы шешім қабылданды. Бұл биылғы жылдың басында басталған төртінші пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі.
Федералдық Қор мөлшерлемесі банктердің бір-бірінен алатынын қысқа мерзімді қаржыландыруына тікелей әсер етеді, бірақ ең бастысы, ол реттелетін ипотека, тұтынушылық несиелер және несие карталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сияқты несие өнімдері үшін басты көрсеткіш болып табылады. Осылайша, ФРЖ әрекеті несие нарықтарындағы белсенділікті тежеп, теріс әсер етуі мүмкін. Бұл инфляциялық қысымды төмендету үшін экономикадағы жиынтық сұранысты тежеуге арналған әрекет болатын. Шынында да, ФРЖ-ның бұл шешімі инфляцияны төмендетуде табысқа жетуі мүмкін. Бірақ бұл әрекеттер рецессияға алып келмейді ме деген сұрақ туындайды.
АҚШ экономикасында рецессия деп айтуға болатын себептер:
- ФРЖ-нің пайыздық мөлшерлемені 75 б.п. көтеруі
- АҚШ ЖІӨ бірінші тоқсаннан екінші тоқсанға жылдық 0,9% төмендеуі (ЖІӨ-нің төмендеген құрамдас бөліктерінің ішінде жеке тұрғын емес тұрақты инвестициялар, тұрғын үй инвестициялары, қорғаныстан тыс федералдық шығыстар, мемлекеттік және жергілікті шығындар және тауарлық-материалдық қорлар болды. Өсуі байқалған санаттарға тұтынушылық шығындар, экспорт, импорт және федералды қорғаныс шығыстары кіріп отыр).
АҚШ экономикасы әлі рецессияда емес деп ойлауға болатын себептер:
- Жұмыспен қамту күшті қарқынмен өсу деңгейін көрсетіп келеді
- Қорғанысқа арналмаған күрделі тауарларды тасымалдау маусым айында өсті және біраз уақыттан бері тұрақты өсуде
- Түпкілікті сұраныс әлсіз болғанымен, бұрынғысынша оң деңгейде
- Тауарлар мен қызметтердің экспорттары доллар құнының өсуіне қарамастан ерекше екпінді өсуі АҚШ өнімдеріне әлемдік сұраныс жоғары деңгейде сақталғанын білдіреді
- Нақты тұтынушылық шығыстар өткен аймен салыстырғанда 0,1%-ға өсті және өткен жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артты
- Маусым айында ұзақ мерзімді тауарларға нақты шығыстар өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға, төзімді емес тауарларға шығыстар 2,9%-ға төмендеді, ал көрсетілетін қызметтерге жұмсалған шығындар 4,1%-ға жоғары болды
Алдағы уақытта АҚШ экономикасында, әсіресе ФРЖ ақша-несие саясатын қатаңдатуды жалғастыра беретін болса рецессияға ұшырау қаупі бар. Бұдан бөлек еуропалық және қытайлық экономиканың жылдам әлсіреуі АҚШ-тың экспорттық өсімінің одан әрі күшті жалғасуын білдірмейді. Алайда, егер шикізаттық тауарлар бағасы одан әрі төмендесе, бұл тұтынушыларға қысымды азайтып, тұтынушылық шығындардың жылдамдауына алып келуі мүмкін. Осылайша, рецессияның алдын алуға болады. Немесе, жоқ дегенде келесі жылы рецессия салыстырмалы жұмсақ болуы мүмкін.
——————————————————————————————————————————————————————————————————————