Осылайша,
Қазақстанның әлеммен тауар айналымы 2022 жылдың 6 айында $63,7 МЛРД
құрады.
Бұл көлем соңғы 9 жылда ең жоғары болып табылады, деп хабарлайды ERI сарапшысы Ернар Серік.
Қазақстандық экспорттың көлемі $42,2 млрд (+56,2%), елімізге шетелдік
тауарлардың импорты – $21,5 млрд (+15,2%) құрады. Сауда сальдосы 2,5 есе $20,8
млрд-қа дейін өсті
Қазақстаннан экспорттың өсуі мұнай жеткізілімдерінің 85% - ға - $13,5-тен $24,8
млрд-қа дейін ұлғаюымен негізделеді, ал мұнай емес экспорт 28% - ға - $13,6-дан
$17,4 млрд-қа дейін өсті
Мұнай экспорты жеткізілмдерінің өсуінен бөлек, сарапшы сыртқы саудадағы келесі
үрдістерді атап кеткен болатын:
- Ресей-Украина
қақтығыстары аясында Қытаймен сауда байланыстары нығаюда: 1-ші жартыжылдықта Қытайға экспорт
пен Қытайдан импорт рекордтық болды (толығырақ).
- Түркия
Қазақстанның негізгі сауда серіктестері арасында 4-ші орында тұр – XXI ғасырдың екінші онкүндігінің
басында Түркияның орны 10 негізгі сауда елінен тыс жерде болды.
- Өзбекстанмен
сауданың жоғары көлемі тіркелді-көршілердің экономикасын ырықтандыру
бөлігіндегі соңғы оқиғалар және екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық
байланыстарды дамытудағы белсенді әрекеттері өз жемісін беруде.
- Азық –түліктің аса жоғары бағасы
отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің валюталық түсіміне жағымды әсер
етеді-сыртқы сатудың рекордтық көлемін ұн, зығыр және күнбағыс тұқымдары,
күнбағыс майы, арпа, маргарин, макарон өнімдері, минералды су, ет экспорты
көрсетеді.
- Жоғары инфляция әкелінетін
азық-түлікке теріс әсер етті: әкелінетін өңделген тамақ өнімдерінің
импорттық бағасы 28% - дан астам өсті (доллармен).