ҚР-дағы өңірлік теңсіздікті зерттеу
22.08.2022
ERI еліміздің 140 қаласы мен ауылында тұрғындар арасында сауалнама жүргізуде Қазақстанның көптеген өңірлерінде өмір сүру сапасы мен қызметтерге қолжетімділік зардап шегуде. Елде халықтың өмір сүру деңгейіндегі аумақтық теңгерімсіздікті жою және базалық қызметтерге (коммуналдық, білім беру, медициналық және цифрлық) қол жеткізу үшін түрлі шаралар қабылдануда. Қазақстандағы өңірлік теңсіздікті зерттеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы білім мен тәжірибе алмасу жөніндегі Бірлескен бағдарлама шеңберінде жүргізіледі. Зерттеудің бірінші кезеңінде 2021 жылы халықаралық консультанттар тобы өсіп келе жатқан өңірлік теңгерімсіздіктерді көрсетті. Қазақстанда өңірлік бәсекеге қабілеттілік және өзара іс-қимыл индексі (ӨБӨИ) әзірленді, ол өңірлер бөлінісінде білім беруді, денсаулық сақтауды, инновацияларды, еңбек нарығын және технологиялық әзірлікті қоса алғанда, бірқатар бағыттар бойынша көрсеткіштерді өлшейді. Екінші (ағымдағы) кезеңде өңірішілік және өңіраралық айырмашылықтардың көздерін жақсы түсіну және бағалау үшін әл-ауқатты қайта бөлу тәжірибесіне баса назар аударылады. Халықаралық консультанттар тобына "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) атынан сарапшылар (консультанттар) қосылды. Деректерді бастапқы жинау және оларды Қазақстанның өңірлік әл-ауқат индексіндегі көрсеткіштер ретінде одан әрі пайдалану үшін ағымдағы жылғы тамыз бен қазан аралығындағы кезеңде Экономикалық зерттеулер институты еліміздің барлық өңірлерінің 140 қаласы мен ауылында 4 мыңнан астам тұрғынға сауалнама жүргізеді.
Сауалнама келесі блоктар бойынша сұрақтарды қамтиды: - демографиялық мәселелер - субъективті әл-ауқат көрсеткіштері - материалдық жағдайлар - өмір сапасы - әлеуметтік байланыстар және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік - денсаулық және білім - қоршаған орта және табиғи капитал - жеке қауіпсіздік. ERI Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов Софиевка (Ақмола облысы) ауылының тұрғынынан сұхбат алып жатыр.Жоба командасы жұмысының қорытындысы өңірлердегі өмір сүру деңгейін өлшеу әдістемесін әзірлеу және қолдану болады. Бюджет қаражатын қайта бөлу саясатын және бюджетаралық қатынастарды реформалауға баса назар аудара отырып, өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, Өңірлік стандарттар жүйесінің объектілері мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады.Анықтамалық: Өңірлік стандарттар жүйесі — бұл қалалық, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тұрғындары қамтамасыз етілуі тиіс әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің базалық тізбесі. Олардың болуы мен қол жетімділігі өңірлердегі өмір сүру деңгейі мен олардың әлеуметтік тартымдылығы туралы тұтас көзқарасты қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл Жүйе әлеуметтік қанағаттанбау және көші-қон процестерінің себептері призмасы арқылы тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсы түсінуге көмектеседі.
Қарау саны: 3651 |
|
|